Жас буынның азаматтық ұстанымы
Дата: 28.04.2026 Рубрика: Лидеры
0
4
0

Астана қаласында өткен республикалық форумда Қостанай облысының намысын қорғаған оқушылар жоғары нәтиже көрсетті.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару көшбасшыларын біріктірген ауқымды жиында өңір құрамасы құрметті 3-орынға ие болды.
Форум барысында қатысушылар көшбасшылық қабілеттерін шыңдап, түрлі тренингтер мен командалық тапсырмаларға қатысты. Білім алушылар мектептегі өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, жастар бастамаларын қолдау және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бағытында тәжірибе алмасты.
Қостанай облысының командасы байқаудың барлық кезеңінде белсенділік танытып, ұйымшылдық пен жоғары дайындық деңгейін көрсете білді. Нәтижесінде жүлделі үшінші орынға ие болып, өңір абыройын асқақтатты.
Сонымен қатар, облыс өкілдері Қостанай ауданы Заречный ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Салеми Ұлмекен және Жітіқара ауданындағы Абай атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Мирас Мұхтаров республиканың ТОП-25 үздік көшбасшыларының қатарына енді. Бұл олардың жеке көшбасшылық қабілеті мен қоғамдық белсенділігінің жоғары бағаланғанының көрінісі.
Айта кетейік, мұндай форумдар жас буынның азаматтық ұстанымын қалыптастырып, жауапкершілік пен бастамашылдық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Қостанайлық оқушылардың жетістігі – өңір жастарының әлеуеті жоғары екенін дәлелдейді.

Комментарии