Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Оқу сауаттылығын дамыту бағытында

Дата: 28.04.2026 Рубрика: Лидеры
5
0
 Оқу сауаттылығын дамыту бағытында
Қостанай облысында 4-сынып оқушыларының оқу сауаттылығын бағалауға бағытталған PIRLS-2026 халықаралық зерттеуі басталды.
Аталған зерттеу өңірде алғаш болып Қостанай қаласындағы №19 жалпы білім беретін мектебінде өткізіліп, осылайша аймақтағы ауқымды білім беру мониторингіне ресми түрде басталды.
Оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастықтың (IEA) мәліметіне сәйкес, зерттеуге облыс бойынша жеті орта білім беру ұйымы іріктеліп алынды. Жалпы қатысушылар саны 272 білім алушыны құрайды. Бұл зерттеу бастауыш сынып оқушыларының мәтінді түсіну, талдау және ақпаратты қолдану дағдыларын кешенді түрде бағалауға бағытталған.
Зерттеу тек оқушылардың тестілеуімен шектелмейді. Сонымен қатар ата-аналарға, мұғалімдерге және білім беру ұйымдарының басшыларына арналған онлайн-­сауалнамалар жүргізіледі. Бұл тәсіл білім беру үдерісіне әсер ететін факторларды жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.
PIRLS халықаралық зерттеуі – елдер арасындағы білім сапасын салыстырып, оқу сауаттылығын дамыту бағытындағы тиімді тәжірибелерді анықтауға жол ашатын маңызды құрал. Аталған бастама Қостанай облысында білім сапасын арттыруға, оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіруге және халықаралық деңгейдегі көрсеткіштерді жақсартуға ықпал етеді.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!