Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Елорда сахнасын бағындырған жас жұлдыздар

Дата: 21.04.2026 Рубрика: Круто!
6
0
 Елорда сахнасын бағындырған жас жұлдыздар
  Астана қаласында Jas Daryn – Dance Life жобасы аясында халықаралық конкурс өтті. Аталған байқауға еліміздің түкпір-­түкпірінен ең мықты шығармашылық ұжымдар жиналды.
Көрермендер мен қазылар алқасының ерекше назарын өнер мектебінің «Капризульки» би ұжымы аударып, өздерін сенімді түрде танытып, құрметті 2-орынды иеленді.
Қатысушылардың жасы небәрі 3-5 жас болғанына қарамастан, бүлдіршіндер жоғары деңгейдегі дайындықтарын, артистік шеберліктерін және сахнадағы сенімділіктерін көрсетті. Олардың жас санатында 12 ұжым бақ сынасып, бұл жеңістің маңызын одан әрі арттыра түсті.
Бұған дейін де «Капризульки» өз деңгейін дәлелдеп, Рудный қаласында өткен республикалық байқауда 1-орын алған болатын. Бұл жетістіктер олардың үздіксіз дамуға және жаңа жеңістерге ұмтылысын көрсетеді.
Ұжым жетекшісі – Даржан Қожахметова Әулиекөл аудандық «Балалар өнер мектебінің» педагог-­сарапшысы. Оның кәсібилігі, балаларға деген сүйіспеншілігі мен шығармашылық көзқарасының арқасында тәрбиеленушілер жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, түрлі деңгейдегі байқауларда өздерін сенімді түрде көрсетіп келеді.
Эльмира Сағынаева

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!