Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Білім жарысында Абай рухы – жастардың жүрегінде

Дата: 19.08.2025 Рубрика: Край родной
89
0
Білім жарысында Абай рухы – жастардың жүрегінде
Рудный қаласында ұлы ойшыл, ғұлама ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы ерекше сән-салтанатпен аталып өтті.
«Әлем мойындаған Абай» атты тағылымды іс-шара қалалықтарды бір арнаға тоғыстырып, рухани мерекеге айналды. Орталық алаңға тігілген киіз үйлер, әсем ән мен күмбірлеген күй, ұлттық спорттық ойындар кештің көркін кіргізді.
Мерекелік шара «Туған қала» жобасының аясында өтті. Жобаның бастамашылары – қоғам белсендісі, мемлекеттік қызмет ардагері Ляйля Қапанова мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Қымбат Бірманова.
Күннің алғашқы бөлігі «Достық» саябағында басталды. Мұнда қала мектептерінің командалары арасында қызықты квест ұйымдастырылды. Қазақ тілді мектептер ұйымдастырушы ретінде жауапкершілік алып, ал орыс тілді мектептердің оқушылары негізгі қатысушы болды. Әр бекетте Абай мұрасына қатысты тапсырмалар әзірленіп, оқушылар өлеңдерін жатқа айтып, әндерін орындап, шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап берді. Қала тұрғындары үшін «Дарабоз» зияткерлік ойыны өткізіліп, оған 10 команда қатысып, ерекше белсенділік танытты.
– Жыл сайын Абайдың туған күніне орай халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы осындай ауқымды іс-шараның өтуіне мұрындық болып келеді. Биыл біз бұл игі дәстүрді төртінші рет өткізіп отырмыз. Мақсатымыз – өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау, ұлттық мұрамызды дәріптеу. Биылғы мерейлі мерекеге «Туған қала» жобасы мен ERG компаниясы қолдау көрсетуде. Саябақта кілем тоқу, күй тартыс, Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу, әндерін орындау, садақ ату, тоғызқұмалақ, шахмат сынды шеберлік алаңдары да жұмыс істеп тұр, – деді Қымбат Бірманова.
Кешкісін орталық алаңда «АбайFest» қалалық фестивалі өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Сахнада ұлттық әндер шырқалып, домбыра мен қобыздың әуені қалықтады. Киіз үйлерде ұлттық құндылықтар көрмесі, жас суретшілердің туындылары мен қолөнер бұйымдары қойылды. Қонақтар ұлттық ойындар ойнап, қазақтың дәстүрлі тағамдарынан дәм татты. Бұл сәттер қала тұрғындарын өткеннің өнегелі дәуіріне жетелеп, Абай заманындағы рухани әлемді сезіндіргендей болды.
«Туған қала» жобасы Рудныйда 2021 жылдан бері жүзеге асып келеді. Алғашқы жылдары инфрақұрылымды дамытуға басымдық берілсе, 2024 жылдан бастап тұрғындардың бос уақытын мазмұнды әрі шығармашылық тұрғыда өткізуге ерекше көңіл бөлінуде. Мұндай шаралар қаланың мәдени өміріне жаңашыл леп беріп, тұрғындардың бірлігін арттыруда.
Биылғы «Әлем мойындаған Абай» іс-шарасы – ұлы ақынның өлмес мұрасын дәріптеген, халықтың жүрегіне рухани нұр сепкен ерекше күн болды. Қатысушылар Абайдың терең ойлары мен ұлтқа деген махаббатын сезініп, шабытқа бөленді. Бұл күн Рудный тарихында мәдениет пен өнердің, бірлік пен татулықтың мерекесі ретінде есте қалары анық.
Рудный қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!