Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Жарқыра, Рудный!» қала күні балаларға да қуаныш сыйлады

Дата: 02.09.2025 Рубрика: Край родной
73
0
«Жарқыра, Рудный!»   қала күні балаларға да қуаныш сыйлады
Биылғы Рудный қаласының туған күні ерекше есте қаларлық мерекеге айналды. Себебі дәл осы күні қалада бір емес, екі бірдей жаңа спорт кешені ашылды.
Олардың атауы – «Sokol» және «Sarybai». Бұл әдемі ғимараттарда спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған.
Әр кешенге күніне 470 адамға дейін келіп, түрлі спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік бар. Мұнда волейбол, баскетбол, футбол ойнауға, күреспен шұғылдануға арналған залдар бар. Қала әкімі Виктор Ионенконың айтуынша, бұл кешендер – салауатты өмір салтын ұстанатын жас ұрпаққа жасалған үлкен сый. Алдағы жылы спорт кешендерінің жанына үлкен стадион да салынбақ. Жаңа нысандардың арасында субұрқақ та бой көтеріп, балалар мен тұрғындарға қуаныш сыйлады.    
Қала күні мерекесі «Жарқыра, Рудный!» деген ұранмен өтті. Бұл күні тұрғындарға арнап түрлі қызықты шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі «Family-Fest» отбасылық фестивалі. Ол өте қызықты болды. Балалар ұлттық ойындарға қатысып, сурет салып, шеберлік сабақтарына қатысты. Ал ойын алаңдарында квест ойындары өтіп, жеңімпаздар сыйлықтарға ие болды.
Тағы да қызықты болған іс-шара «ArtQala» мәдени жобасы. Ол жерде  суретшілердің көрмесі мен поэзия бұрышы ұйымдастырылды. Балалар түрлі қолөнер бұйымдарын көріп, кейбірін жасап көруге де мүмкіндік алды.
Көрмеге келген шеберлердің ішінде ерекше туындыларымен көзге түскендер де болды. Мысалы, Катерина Эйсвелд балалардың ойлау қабілетін дамытуға арналған ойыншықтар жасапты. Ал Надежда Себерякова құрымнан қамшы өріп, ұлттық бұйымдар жасаумен айналысады.
«Менің кәдесыйларым таза құрымнан жасалған. Айналысып келе жатқаныма үш жыл болды. Теріге Қазақстанмен қатар Ресейден арнайы тапсырыспен алдырамын», – дейді ол. Шебердің айтуынша, құрымнан жасалған бұйымдар экологиялық тұрғыдан таза әрі ұзақ уақыт сақталады. Әсіресе ұлттық нақыштағы әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар мен шағын кәдесыйлар сұранысқа ие.
«Әр туындымда қазақы дәстүр мен қолөнердің иісі сезіліп тұруы тиіс деп ойлаймын. Өйткені жастар ұлттық өнерді ұмытпай, бағалауы қажет. Сол себепті әр жасаған бұйымға ерекше мән беремін. Тұтынушыларым да еңбегімді бағалап, жылы лебіздерін білдіріп жатады. Бұл мен үшін үлкен шабыт», – деп бөлісті ол.
Кешкісін қала алаңы нағыз мерекелік көңіл күйге бөленді. Рудныйдың өнерпаздарымен бірге танымал жұлдыздар – Мархаба Саби мен Raim ән шырқады. «Laser Pulse: Рудный 2025» атты ғажайып лазерлік шоу мен әсем отшашу мерекенің шарықтау шегіне айналды.
Бұл күн Рудныйдың кішкентай тұрғындары үшін де есте қаларлық болды. Олар жаңа спорт кешендерін, жарқыраған субұрқақты, көңілді ойындарды көріп, қуанышқа бөленді. Жаңа спорт алаңдары мен мәдени жобалар балалардың дені сау, өнерлі әрі бақытты болып өсуіне үлкен мүмкіндік береді.
Рудный қаласы
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!