Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Домбыра үнімен тербелген мереке

Дата: 15.07.2025 Рубрика: Край родной
306
0
Домбыра үнімен тербелген мереке
Шілденің бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні. Домбыра – қазақ халқының киелі аспабы, ата-бабамыздан қалған асыл мұра. Оның күмбірлеген үнімен тербеліп өскен талай ұрпақ бар.
Домбыра тек музыкалық аспап емес, ол – тарих, шежіре, салт-дәстүр мен ұлттық рухтың белгісі.
Домбыра күні елдің түкпір-түкпірінде түрлі шаралармен аталып өтіп, жас домбырашылар өз өнерлерін көрсетеді. Мұндай мерекелер балалардың ұлттық өнерге қызығушылығын оятып, бойына мақтаныш пен рух сыйлайды.
Арқалық қаласының орталық «Наурыз» алаңында Ұлттық домбыра күні ерекше аталып өтті. «Күмбірле, күй домбыра!» атты үлкен мерекелік шарада бүкіл алаң күй әуеніне бөленді.
Бір мезетте мыңға жуық домбырашы бірлесіп алты күй орындады! Олар халық күйлері мен танымал композиторлардың шығармаларын шебер тартып, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады. Ал сахнаны танымал әнші Рамазан Мешелов «Ақ тілек» әнімен ашты.
Күй тартып қана қоймай, жыр оқылып, өнерпаздар өнер көрсетті. Ақын Ұмтыл Зарыққан домбыра туралы жазған әсерлі өлеңін оқып берсе, Қайрат Айтбаев сахна төрінде күй орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Шара барысында «Ең жас домбырашы», «Ең қарт күйші», «Домбырашы отбасы» аталымдары бойынша қатысушылар марапатталып, ақшалай сыйлықтар берілді. Бұл сәт бәріне үлкен қуаныш сыйлады!
Мерекелік кештің соңында қала тұрғындарына арналған үлкен концерт ұйымдастырылды. Эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетіп, жұртты қуантты. «GAZAG» тобы мен Қуаныш пен Қарлығаш дуэті сахнада ән шырқап, көрермендермен бірге думандатты.
Домбыра күні – қазақ өнеріне, салт-дәстүрге деген үлкен құрмет. Осындай шаралар арқылы балалар да ұлттық өнерге жақын өседі. Домбыраның қоңыр үні жүрегімізде мәңгілік сақталсын!
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!