Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Айналаға қамқорлық керек

Дата: 23.07.2024 Рубрика: Край родной
106
0
Айналаға қамқорлық керек
 
Науырзым ауданының қорық қызметкерлері «Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ өкілдерімен бірлесіп «Орман» жедел-профилактикалық іс-шарасын қолға алды. Олар өңірдегі орман қорын молайтуға арналған маусымдық жұмыстарды үнемі жүргізіп тұрады. 
Қазір жаз айы болғандықтан бұл жерге келушілер көп. Олар атпен серуендеп,  велосипедпен қыдыра алады. Қорықтың аумағында алты соқпақ болса, соның екеуіне адам көп келеді. Қорық қызметкерлері туристік бағыттар бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізді. Оның мақсаты – ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуының алдын алу. 
-Көктем мен жаз айлары – біздің мекеме үшін жұмыстың ең қызған шағы. Маусымдық жұмыс кезінде біздің қызметкерлерден бөлек, ауыл тұрғындарынан еріктілер де тартылатыны бар. Себебі табиғат – ортақ қазына. Біздің өлкенің орманы жан-жануар мен өсімдікке бай. Жаз келісімен келетіндердің де қатары көбейеді. Орманды аймағына қарай бөліп күзететін орман күзетшілері бар. Олар арнайы киім-кешек, байланыс құралы және қызмет көлігімен қамтылған. Біздерге жүктелетін міндет көп. Ең басты міндеті — қоршаған ортаны қорғап, табиғатты аялау. Қазір ауыл тұрғындары да табиғатты қорғауда белсенді. Тұрақты байланыста. Бейтаныс адамдар мен күдікке ілінгендері болса, бірден хабарласады. Тұрғындардың осылай тез әрекет етуі дер кезінде мәселені шешуіне септігін тигізеді, – дейді қызметкері Жасұлан Қазымжан.
«Орман» жедел-профилактикалық іс-шарасыбарысында туристер тобымен қорық аумағындағы ережелері, ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелері туралы әңгімелер өткізілді, өртке қарсы тақырыптағы үнпарақтар таратылды. Рейдтік іс-шаралар барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.
Осылайша олар серуендегісі келетіндерге ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. От жағу мен оны өшіру тәртібі туралы арнайы үнқағаздар таратты. От жағуға рұқсат берілмейді. Табиғатттан бөлек, адам амандығы маңызды. 
Мекеменің алға қойған мақсаты – табиғатты қорғау. Ең бастысы, өрт ұшқыны көрінсе, дер кезінде жайылуына жол бермеу, өртпен дәл сол сәтте күресу. Өйткені орман үшін де, орманшы үшін де алғашқы сәттер маңызды.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!