Өлкеміздің байлығы
Дата: 23.07.2024 Рубрика: Край родной
0
98
0
Біздің өлкеміздің байлығы Науырзым қорығы. Онда ландшафттың төрт түрі біріктірілген: орман, дала, сулы-батпақты жерлер және шөлейт. Балалар үшін «Науырзым қорығына Экскурсия» облыстық жобасы іске қосылды. Жазғы кезеңде бұл тамаша жерде 1000 бала экскурсиямен қамтылады.
Маусым айында облыстың 347 баласы Науырзым қорығына барып келді, олар үшін мұражай бойынша экскурсиялар өтіп, оқушылар экологиялық маршруттарға, сирек кездесетін жануарлар мен құстар туралы викториналарға, табиғатты қорғау акцияларына қатысты. Экскурсиялар жаз бойы жалғасатын табатын болады.
Қоршаған ортаны қорғау, экологияны сақтау – күн тәртібінде тұрған өзекті мәселенің бірі. Бұл бағытта біздің елімізде орман-тоғайды аман сақтап, ағаш отырғызып, оны күтіп-баптауға басымдық беріледі. Тоқсан жылдан астам тарихы бар Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО тізіміне енген. Яғни, өңірді қорғауға халықаралық мән беріліп отыр. Қорық қызметкерлерінің негізгі міндеті – далалық аумақтың бірегей табиғи кешендерін, флорасын және фаунасын табиғи қалпында сақтап қалу.
- Қорық аумағы 191 мың 381 гектар жерді алып жатыр. Оның бәрін қадағалап отырамыз. Әсіресе, жаз айлары қауіпті кезең. Табиғи кешенде 13 көл, қарағайлы ормандары бар. Мұнда өсімдіктердің 687 түрі кездеседі. Кейбір түрі еліміздің Қызыл кітабына да енгізілген. Қорық аумағында жануарлардың 46 түрі тіркелген. Орман ішінде бұлан, елік пен қабан жиі кездеседі. Аққұлақ, қасқыр, ақкіс, саскүзен, қарсақ, түлкі және борсық мекендейді. Міне, осынша байлықты көздің қарашығындай сақтамаса болмайды, - дейді қорық қызметкері Жасұлан Қазымжан.
Комментарии