Жазушы мұрасын ұлықтаған
Дата: 13.10.2026 Рубрика: Изба-читальня
0
5
0

Шолақсай ауылдық кітапханасында көрнекті қазақ жазушысы, қаламгер Сайын Мұратбековтің 90 жылдығына орай «Сыршыл суреткер» атты әдеби-шығармашылық таныстыру кеші ұйымдастырылды. Тағылымды шараға кітапхана оқырмандары қатысып, жазушының өмірі мен шығармашылық жолына кеңінен тоқталды.Іс-шара барысында қатысушылар Сайын Мұратбековтің қазақ әдебиетіндегі өзіндік қолтаңбасы, жазушылық шеберлігі мен шығармаларының ерекшелігі туралы мағлұмат алды. Қаламгердің өмір жолы мен әдебиетке келуі жөнінде әңгіме өрбіп, оның көркем туындыларына шолу жасалды. Кеш барысында оқырмандар жазушының шығармаларынан үзінділер оқып, кейіпкерлердің мінезі мен тағдырын, туындыларындағы адамгершілік пен ізгілік тақырыптарын талқылады. Әсіресе жазушы шығармаларында қарапайым ауыл адамдарының тұрмыс-тіршілігі, балаң көңіл, туған жерге деген сүйіспеншілік, мейірім мен адалдықтың шынайы суреттелетіні айтылды.
Сайын Мұратбеков – қазақ прозасында сыршылдық пен шынайылықты ұштастыра білген көрнекті қаламгер. Оның шығармаларынан адам жанын терең түсінетін суреткердің нәзік болмысы байқалады. Жазушы туындылары оқырманды жақсылыққа, мейірімділікке, туған жерді қадірлеуге және адамдық қасиеттерді бағалауға үндейді.
Әдеби шара соңында қатысушылар Сайын Мұратбековтің шығармаларын оқудың маңызы туралы ой бөлісіп, жазушының әдеби мұрасы кейінгі ұрпақ үшін де құнды қазына болып қала беретінін атап өтті. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарды қаламгердің шығармаларын оқып, қазақ әдебиетінің жауһарларымен жақынырақ танысуға шақырды.
Шараның мақсаты – оқырмандарға Сайын Мұратбековтің өмірі мен шығармашылық мұрасын таныстыру, жазушының қазақ әдебиетіне қосқан үлесін насихаттау, көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, оқырмандарды кітап оқуға баулу және ұлттық әдеби құндылықтарды дәріптеу. Осындай әдеби кездесулер жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

Комментарии