Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жасай бер, мәңгі – Қазақстан!

Дата: 17.11.2026 Рубрика: Изба-читальня
8
0
Жасай бер, мәңгі – Қазақстан!
«Строительный» кітапхана-­филиалында №15 мектептің 6 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Жасай бер, мәңгі – Қазақстан!» атты Республика күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар мерекеге арналған тақырыптық кітап көрмесі жасақталды.
Мерекелік кездесу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Іс-шара барысында оқушылар патриоттық күйлер орындап, Отан туралы өлең-тақпақтар оқыды. Мың бұрала би билеп, мерекенің сәнін келтірді. Сондай-ақ электронды презентация арқылы Республика күніне қатысты танымдық сұрақтар қойылып, оқушылар өз білімдерін ортаға салып, белсенділік танытты.
Кітап көрмесіне Қазақстанның тарихы, тәуелсіздігі мен жетістіктері туралы әдебиеттер қойылып, жас оқырмандарға ел тарихымен тереңірек танысуға мүмкіндік берілді. Шара соңында балаларға тәттілер ұсынылып, қазақтың «Шашу» дәстүрі орындалды. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, елін құрметтейтін саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Раян Сәкен, №15-ші мектептің 6 «А» сынып оқушысы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!