Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ерулік – татулықтың бастауы

Дата: 22.09.2026 Рубрика: Изба-читальня
3
0
Ерулік – татулықтың бастауы
Қазақ халқының салт-дәстүрі – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани қазына. Әр дәстүрдің астарында адамды сыйлауға, жақынға қамқор болуға, үлкенді құрметтеуге, бірлік пен татулықты бағалауға тәрбиелейтін үлкен мән бар. Соның бірі – халқымыздың ежелден келе жатқан «Ерулік беру» дәстүрі.
«Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» жобасы аясында Қостанай қалалық ардагерлер кеңесінде осы дәстүрге арналған тағылымды кездесу өтті. Жиынның басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, оның тәрбиелік маңызын жас ұрпаққа түсіндіру және аға буынның өнегесін кейінгі ұрпақпен сабақтастыру. Қостанай қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Т. Н. Искандирова қатысушыларды құттықтап, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, үлкендердің өмірлік тәжірибесін жастарға жеткізу – ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтатын маңызды қадам.
Ерулік – жаңа қоныстанған көршілерді қарсы алып, олармен танысуға, жылы қарым-­қатынас орнатуға арналған дәстүр. Қазақта «Көрші ақысы – Тәңір ақысы» деген сөз бар. Сондықтан жаңа көршіге құрмет көрсетіп, оны ортаға тарту – халқымыздың көрегендігін танытады. Үй иелері жаңа көршілерін қонаққа шақырып, дастархан жайып, ақ тілегін білдірген. Мұндай дәстүр жаңа ортаға келген отбасының елмен тез араласуына мүмкіндік берген.
Кездесуде осы дәстүрдің мәні іс жүзінде көрсетілді. Арыстановтар отбасы жаңа қоныстанған Есмағамбет отбасын өз шаңырағында ақжарқын көңілмен қарсы алды. Дастархан басына көршілер, достар және әртүрлі буын өкілдері жиналды. Ән шырқалып, домбыра күмбірледі, ақ тілектер айтылды. Ал қонақтар дәстүр бойынша «қонақ кәде» көрсетті. Бұл күн Есмағамбет отбасы үшін жаңа ортадағы жылы қарым-­қатынастардың басталуына айналды. Бір дастархан басында бас қосқан адамдардың әңгімесі мен ақжарма тілегі еруліктің негізгі мәнін – достық пен сыйластықты айқын көрсетті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары мен Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері де қатысты. Жастар үшін бұл кездесу ұлттық салт-дәстүрді жақынырақ тануға үлкен мүмкіндік болды. Өйткені дәстүр туралы 
  үлкендердің әңгімесін тыңдап қана қоймай, оның қалай орындалатынын өз көздерімен көрді.Кездесудің тағы бір тағылымды тұсы – отасқандарына 60 жылдан астам уақыт болған Сейдалиндер отбасының қатысуы. Ұзақ жылдар бойы бір шаңырақтың берекесін сақтап келе жатқан отбасы жас ұрпаққа сүйіспеншілік пен өзара құрметтің, түсіністік пен адалдықтың үлгісін көрсетті. Кездесу соңында отбасы отағасы Эмиль Сейдалин қатысушыларға бата беріп, баршаға мықты денсаулық, бейбітшілік, амандық пен береке тіледі. Қазақ үшін бата – жай ғана тілек емес, үлкеннің кейінгі ұрпаққа жол көрсеткен ақ ниеті.
Осындай кездесулердің тәрбиелік мәні ерекше. Себебі ұлттық құндылықтар тек кітапта немесе тарих бетінде қалмауы керек. Оларды күнделікті өмірде қолданып, балалар мен жастарға түсіндіріп отырған жөн. Ерулік беру – қонақжайлықты ғана емес, адамға деген құрметті, көршілік татулықты және ел бірлігін дәріптейтін дәстүр.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!