Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Оқы, ойлан, бөліс!

Дата: 22.09.2026 Рубрика: Изба-читальня
3
0
Оқы, ойлан, бөліс!
Кітап – адамды білімге жетелеп, ой-өрісін кеңейтетін рухани қазына. Кітап оқыған адам жаңа дүниелерді танып, өзіне қажетті ақпарат алып қана қоймай, өзгелермен пікір бөлісу арқылы ойын да дамыта түседі. Осы мақсатта Дәмді ауылдық кітапханасында «Кітап time» апталығы аясында «Оқы, ойлан, бөліс!» атты буккроссинг акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараға ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары белсенді қатысты. Акцияның басты мақсаты – кітап оқуға қызығушылықты арттыру, оқырмандар арасында кітап алмасу мәдениетін қалыптастыру және сүйікті шығармаларды өзгелермен бөлісуге мүмкіндік жасау.
Буккроссинг – оқып болған кітабыңды басқа оқырманға ұсынып, оның орнына өзіңе қызықты басқа кітапты алу дәстүрі. Яғни бір кітап бір адамның сөресінде қалып қоймай, қолдан қолға өтіп, жаңа оқырманын табады. Осылайша кітаптың ғұмыры ұзарып, оған екінші өмір сыйланады.
Акция барысында оқырмандар мен мектеп ұжымы өз кітаптарын ортаға қойып, бір-бірімен алмасты. Көркем әдеби шығармалар, балаларға арналған кітаптар, танымдық және түрлі тақырыптағы басылымдар оқырмандардың назарын аударды. Әр қатысушы өзіне ұнаған кітапты таңдап, оны оқып шығуға ниет білдірді.
Кездесу барысында кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы да әңгіме өрбіді. Оқушылар өздері оқыған шығармалары жайында айтып, кейіпкерлері мен қызықты оқиғаларымен бөлісті. Кейбір кітаптар бойынша өзара пікір алмасып, достарына қандай шығармаларды оқуға кеңес беруге болатынын талқылады. Мұндай шаралар балаларды кітапты таңдауға, оқығанын түсінуге, өз ойын еркін жеткізуге және өзгелердің пікірін тыңдауға үйретеді. Әсіресе оқушылардың сүйікті кітаптарын достарына ұсынуы – олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыра түседі.
Акцияның тағы бір ерекшелігі – оған ауыл тұрғындарының да қатысуы. Үлкендер мен балалардың бір ортада кітап туралы әңгімелесуі ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, кітап оқу дәстүрінің отбасында және ауылда кеңінен таралуына ықпал етеді. Кітапхана қызметкерлері де оқырмандарды бос уақыттарын пайдалы өткізіп, кітаппен достасуға шақырды. Себебі кітап оқу – білім алудың ғана емес, жақсы ой қалыптастырудың, қиялды дамытудың және рухани бай болудың жолы.
Іс-шара соңында қатысушылар өздеріне ұнаған кітаптарды алып, алдағы уақытта оқып шығуға келісті. «Оқы, ойлан, бөліс!» акциясы арқылы кітаптардың жаңа оқырманын тауып, рухани қазынаның қолдан қолға тарайтыны тағы бір мәрте дәлелденді.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!