Жаңа кітаптардың жарқын әлемі
Дата: 22.09.2026 Рубрика: Изба-читальня
0
3
0

Раздольный ауылдық кітапханасында жас мамандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Жарқыраған жаңа кітаптардың жарқын әлемі» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Кітапханаға жаңадан келіп түскен әр кітап – оқырман үшін жаңа әлемнің есігін ашатын рухани қазына. Осыны негізге алған кездесу барысында кітапхана мамандары қатысушыларды жаңа әдебиеттермен таныстырып, олардың мазмұны мен ерекшеліктеріне қысқаша шолу жасады.
Кітап сөрелеріне қойылған жаңа басылымдардың арасында көркем шығармалармен қатар, тарих, мәдениет, өнер, психология, танымдық әдебиеттер және басқа да қызықты тақырыптарға арналған кітаптар болды. Жас мамандар өздерін қызықтырған кітаптарды қолдарына алып, мазмұнына үңіліп, авторлары туралы мәліметтермен танысты.
Кездесу барысында «Кітап оқу адамға не береді?» деген сұрақ төңірегінде пікір алмасу да болды. Қатысушылар кітаптың адамның ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын молайтатынын, жаңа білім алуға және дүниеге деген көзқарасын қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті. Шынында да, кітап – адамзаттың жинақтаған білімін кейінгі ұрпаққа жеткізетін баға жетпес мұра. Көркем әдебиет адамның қиялын дамытып, сезімін тәрбиелесе, танымдық кітаптар жаңа ақпарат беріп, ізденуге жетелейді. Ал тарихи шығармалар өткенді танып, ел мен жердің қадірін түсінуге мүмкіндік береді.
Іс-шараның басты ерекшелігі – қатысушылардың кітаптарды тек сырттай тамашалап қана қоймай, өз қызығушылықтарына сәйкес шығармаларды таңдауында болды. Әр жас маман өзінің талғамына сай кітаптарға тоқталып, алдағы уақытта оқып шығуға ниет білдірді. Кітапхана қызметкерлері де жаңа әдебиеттердің оқырманға берер пайдасына тоқталып, кітап оқуды күнделікті әдетке айналдырудың маңызын атап өтті. Күніне бірнеше бет кітап оқу да адамның ойлау қабілетін дамытып, білімін толықтыруға үлкен әсер етеді.
Кездесу соңында жас мамандар кітапхана қорына жаңадан қосылған кітаптарды қызығушылықпен тамашалап, өздеріне ұнаған шығармаларды таңдап алды. Осындай мазмұнды кездесулер кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, жастарды кітаппен достасуға шақырады. Жаңа кітап – жаңа білім, жаңа ой, жаңа мүмкіндік. Ендеше, кітапханаға келіп, жаңа кітаптардың жарқын әлеміне бірге саяхат жасайық!

Комментарии