Тіл сақталса – ұлт сақталады
Дата: 15.09.2026 Рубрика: Изба-читальня
0
6
0

Тіл – ұлттың рухани қазынасы ғана емес, отбасыдан бастау алатын асыл құндылық. Бала ана тілін ең алдымен ата-анасынан, ата-әжесінен естіп үйренеді. Сондықтан туған тілге деген құрметтің алғашқы дәні отбасында себіледі.
Осы орайда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл сақталса – ұлт сақталады» атты зияткерлік ойын «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ Мемлекеттік тілдегі кітапханада өтті. Шараға Д. Карбышев атындағы №14 мектептің 6-7 сынып оқушылары қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – жас ұрпақтың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, сөздік қорын байыту, ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру және оқушылардың тапқырлығын дамыту. Сонымен бірге балаларға тілдің отбасы тәрбиесіндегі маңызын ұғындыруға көңіл бөлінді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Одан кейін ұлт ұстазы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен тіл саласында қалдырған мол мұрасы туралы кеңінен айтылды. Ағартушының «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген тағылымды сөзі оқушыларға ой салды.
Зияткерлік ойын барысында балалар мақал-мәтелдерді жалғастырып, жұмбақтар шешті, жаңа сөздер құрап, антоним мен синонимдерді тапты. Сонымен қатар әр тілде амандасу үлгілерін көрсетіп, өз білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Шара барысында кітапхана қорынан ұйымдастырылған «Тіл сақталса – ұлт сақталады» атты кітап көрмесіне де шолу жасалды. Оқушылар ана тіліміздің тарихы, ұлттық салт-дәстүр мен отбасы тәрбиесі туралы құнды еңбектермен танысты.
«Кездесу балаларға жақсы көңіл күй сыйлап қана қоймай, маңызды ой қалдырды. Өйткені ана тілін құрметтеу – отбасын, туған жерді, ата-баба мұрасын құрметтеуден басталады. Үйде қазақша сөйлеп, баласына мақал-мәтел үйретіп, кітап оқуға баулыған ата-ана ұлттық құндылықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына үлес қосады. Белсене қатысқан оқушыларға жылы лебіздер айтылып, көңілді смайликтер табысталды.Ана тілі – отбасының алтын арқауы, ұлттың рухани тірегі. Тілді сақтау – елдікті сақтау. Ал туған тілге деген сүйіспеншілік әр шаңырақтан басталсын», – дейді Нұрсәуле Темірханқызы.
Рудный қаласы

Комментарии