Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ұлы Абайдың мұрасы

Дата: 08.09.2026 Рубрика: Изба-читальня
6
0
Ұлы Абайдың мұрасы
Қостанай қаласындағы №15 орта мектептің оқушыларына арнап «Строительный» кітапхана-­филиалы «Ұлы Абай мұрасы» атты әдеби қонақжай ұйымдастырды.
Танымдық шара барысында балалар қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына саяхат жасады. Оқушылар ақынның балалық шағы, білімге деген құштарлығы, аудармашылық еңбегі және қазақ әдебиетіне қосқан өлшеусіз үлесі туралы қызықты мәліметтер алды.
Кездесуде Абайдың шығармаларына ерекше көңіл бөлінді. Балалар ақынның өлеңдері мен қара сөздерінің мән-мағынасына үңіліп, оның адамды білімге, еңбекке, ізденіске, адалдық пен адамгершілікке шақырғанын әңгімеледі.
Балалар үшін «Абай әлемі» кітап көрмесі де қызықты болды. Көрмеге қойылған кітаптарды тамашалап, ақынның шығармаларымен жақынырақ танысты. Әсіресе «Қарасөз. Книга слов» басылымынан үзінділер оқып, Абайдың терең ойларына назар аударды.Ал шараның ең қызықты сәттерінің бірі – заманауи технологияны пайдалану болды. Оқушылар смартфонның көмегімен 3D форматында «Абай Құнанбайұлы өлеңдері» кітабын тамашалап, әдеби шығарманы жаңа қырынан таныды. Осылайша, балалар үшін Абай мұрасы тек кітап бетінде қалған дүние емес, заманауи технология арқылы да жақын әрі қызықты әлем екенін түсінді.
Шара барысында оқушылар белсенділік танытып, сұрақтарға жауап берді, өз ойларын ортаға салды. Әдеби қонақжай балалардың классикалық шығармаларға деген қызығушылығын оятып, ұлы ақынның мұрасын жаңаша танып-­білуіне мүмкіндік берді. Кітапханашы Сандуғаш Омарованың айтуынша, балалардың әдебиетке қызығушылығын арттыру үшін дәстүрлі кітап оқу мен заманауи технологияларды қатар қолданудың маңызы зор. Классикалық әдебиетке деген шынайы қызығушылық кейде таңданудан, жаңалық ашудан және ерекше әсерден басталады. Ал Абайдың асыл мұрасы – әр ұрпақ қайта оқып, қайта танып, өзіне қажетті ой түйетін сарқылмас қазына.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!