«Тіл – ұлттың жаны»
Дата: 15.09.2026 Рубрика: Изба-читальня
0
5
0

Ана тілі адам үшін нені білдіреді? Ал мемлекеттік тіл ел азаматы үшін қандай маңызға ие? Бұл сауалдар Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында №31 жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен «Әр ұлттың бір үні – Қазақстан» атты пікірталас барысында талқыланды.
Мектепке «Строительный» кітапхана-филиалының кітапханашысы арнайы келіп, оқушылармен мазмұнды кездесу өткізді. Шараның мақсаты – балаларға тілдің адам өміріндегі және қоғамдағы маңызын түсіндіру, ана тіліне деген сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Кездесу барысында оқушылар «Қазақ тілі – менің ана тілім» атты электронды презентация арқылы Қазақстан халқы тілдері күнінің тарихымен танысты. Балалар мемлекеттік және ана тілінің маңызы туралы ойларын ортаға салып, қазақ халқының салт-дәстүрлері жөнінде әңгімеледі. Тілге қатысты мақал-мәтелдер айтып, өзара пікір алмасты.
Шарада ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің, батыр әрі жазушы Бауыржан Момышұлының шығармашылығына да ерекше көңіл бөлінді. Оқушылар олардың еңбектерін талқылай отырып, әдебиет пен тарихтың тілмен қаншалықты тығыз байланысты екенін аңғарды.
Ал «Тіл – ұлттың жаны» атты кітап көрмесі оқушыларға еліміздегі тілдердің тарихы мен дамуы туралы қосымша мағлұмат берді. Кітаптарды тамашалаған балалар өздерін қызықтырған дүниелерді сұрап, тіл туралы білімдерін толықтырды. Пікірталастың ең қызықты тұстарының бірі – «Ана тілі адам үшін нені білдіреді?» деген сауалға жауап іздеу болды. Әр оқушы өз ойын айтып, ана тілінің отбасы, туған жер, ұлттық тәрбие және ата-баба мұрасымен байланысын түсіндірді.
Томирис Амирова, 6 «Ә» сынып оқушысы

Комментарии