Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Әдепті қыз – әдемі мінез иесі

Дата: 08.09.2026 Рубрика: Изба-читальня
6
0
Әдепті қыз – әдемі мінез иесі
Аудандық балалар кітапханасында «Айгүл» қыздар клубының мүшелеріне арналған танымдық-­эстетикалық сабақ өтті. «Әр күндік ұстаным ережелері» деп аталған кездесуде қыздар әдептілік, мәдениетті қарым-­қатынас және жақсы мінез-­құлық туралы пайдалы мағлұмат алды.
Шараның негізгі мақсаты – жасөспірім қыздарға күнделікті өмірде өзін дұрыс ұстай білу, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, айналасындағылармен сыпайы қарым-­қатынас жасау сияқты қарапайым, бірақ маңызды әдеттерді үйрету.
Кездесу барысында қатысушылар «этикет» сөзінің шығу тарихымен танысты. Этикеттің тек дастарқан басындағы тәртіппен шектелмейтіні, оның адамның сөйлеу мәнерінен, киім кию мәдениетінен, қоғамдық орындардағы тәртібінен және өзгеге деген құрметінен көрінетіні айтылды.
Қыздар өзара пікір алмасып, «Әдептілік дегеніміз не?», «Жақсы мінез қандай болады?», «Қарым-қатынаста нені ескеру керек?» деген сұрақтарға жауап іздеді. Күнделікті өмірде жиі кездесетін жағдайлар талқыланып, сыпайылық пен адамгершіліктің адам өміріндегі маңызы түсіндірілді.
Сабақтың ең қызықты бөлігі – «Әдеп білгірлері» ойын-викторинасы болды. Қатысушылар әдеп ережелеріне қатысты сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз білімдерін сынады. Ойын барысында қыздар бір-бірін тыңдау, кезек күту, дұрыс сөйлесу, үлкендерге құрмет көрсету сияқты әдеп нормаларын еске түсірді.
Шара соңында кітапханашылар жақсы тәрбие мен көркем мінездің адамды әрдайым биікке жетелейтінін атап өтті. Әдептілік – арнайы үйренетін ереже ғана емес, күн сайын жасайтын жақсы іс пен жылы сөзден қалыптасатын қасиет екені айтылды. «Әр күндік ұстаным ережелері» сабағы қыздарға пайдалы кеңес беріп қана қоймай, өз мінезіне көңіл бөлуге, мәдениетті әрі сыпайы болуға ой салды. Өйткені әдепті қыз – отбасының көркі, ортасының сыйлы мүшесі, елдің болашағы.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!