Ана – отбасының шуағы, ұлттың тірегі
Дата: 26.05.2026 Рубрика: Изба-читальня
0
4
0

Рудный қаласындағы Мемлекеттік тілдегі кітапханада Аналар күніне арналған «Ана – өмірдің шуағы» атты мәнерлеп оқу сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады.
Тағылымды шараға қала мектептерінің талантты оқушылары қатысып, анаға деген сүйіспеншіліктерін жүрек тебірентер жыр жолдары арқылы жеткізіп, отбасы құндылығын дәріптеді.
Іс-шараның басты мақсаты – ананың қоғамдағы және отбасындағы асыл орнын дәріптеу, жас ұрпақтың бойына ұлттық және отбасылық құндылықтарды сіңіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету секілді қасиеттерді насихаттау, сондай-ақ қазақ әдебиетінің жауһар туындыларын ұлықтау болды. Себебі отбасы – тәрбиенің алтын бесігі, ал ана – сол отбасының берекесі мен мейірімінің бастауы.
Мерекелік кештің шымылдығы Шәмшия Ғазизқызының орындауындағы «Анаға сәлем» әнімен ашылып, көрермен жүрегіне жылылық сыйлады. Ал «Алтын домбыра» үйірмесінің жас өнерпаздары орындаған күмбірлі күйлер ұлттық рухты көтеріп, қазақы тәрбиенің маңызын айшықтай түсті.
Сайыс барысында қатысушылар ана тақырыбындағы өлеңдерді тебіреніспен оқып, отбасының қадір-қасиеті, ата-анаға құрмет, мейірім мен ізгілік жайлы ойларын көркем жеткізе білді. Жас өрендер Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынұлының тағылымға толы жырларын, Мұқағали Мақатаев пен Тұманбай Молдағалиевтың сырлы өлеңдерін, сондай-ақ Қалқаман Сарин мен Бақыт Мирас сынды қазіргі ақындардың ана туралы тебіреністерін нақышына келтіріп орындады.
Әр өлең жолынан анаға деген құрметпен қатар, отбасының бірлігі мен тәрбиенің маңыздылығы айқын сезілді. Өйткені бала тәрбиесінің негізі – отбасыдан басталады. Ана әлдиімен сусындап, әке өнегесін көріп өскен ұрпақ қашанда рухани бай, тәрбиелі болып қалыптасады. Осындай рухани кештер жас буынның бойында ата-анаға деген сүйіспеншілікті арттырып, отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.
Кештің ерекше әсерлі сәттерінің бірі қазылар алқасының төрағасы, жергілікті қаламгер Ж.Тілеуғабыловтың ақжарма тілегі мен жүрекжарды жырлары болды. Қаламгер аналар мерекесіне арнап жазған «Жақсы әйел әркез бапкер ер адамға» атты өлеңін оқып, отбасының ұйытқысы болған аналардың қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлерінің еңбегіне арналған «Кітапхана – өркениет ошағы» атты жаңа өлеңін тарту етіп, кітап пен тәрбиенің егіз ұғым екенін жеткізді. Өнер додасына төрелік еткен әділқазылар алқасының құрамында мәдениет пен руханият саласының өкілдері болды.
Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша І орынды №8 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Қасымбек Кәусәр иеленді. ІІ орын М. Дулатов атындағы жалпы білім беретін мектептің шәкірті Шадибекова Гүлбейнеге бұйырса, ІІІ орынды А. Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Нышанбай Құралай жеңіп алды. Сонымен қатар, ерекше өнерімен танылған қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды. М.Каппарова мен Ж.Бағдатова «Көрермен айбыны», К.Серік пен Н.Санақұл «Жүрекке жол тапқан жыр», Е.Әбдрахманов «Әртістік шеберлік», ал С.Акинова мен Р.Жалғау «Көркем сөз шебері» аталымдарына ие болды.
Шара соңында Мемлекеттік тілдегі кітапхананың жыл бойы өткізілген мәдени-рухани іс-шараларына белсенді қатысып, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға үлес қосқан мектеп ұжымдары мен «Алтын домбыра» студиясының өнерпаздары Алғыс хаттармен марапатталды.
Ана мейірімі мен ақын жырын ұштастырған бұл кеш оқырмандар үшін нағыз рухани қазынаға айналды. Осындай тағылымды шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында ата-анаға деген құрмет, отбасына деген сүйіспеншілік, ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтар нығая түсетіні анық.
А. Шаймерденова, мемлекеттік тілдегі кітапхананың кітапханашысы. Рудный қаласы

Комментарии