Тектілігімен танылған тұлға
Дата: 26.05.2026 Рубрика: Изба-читальня
0
6
0

Амангелді аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ театр өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан режиссер, мәдениет қайраткері Мейрамхан Қапышевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Тектілігімен танылған тұлға» атты әдеби кеш өтті.
Тағылымды шараға мәдениет саласының қызметкерлері, оқырмандар, жастар мен өнерсүйер қауым қатысып, рухани кештің куәсі болды.
Мейрамхан Қапышев Қостанай облысы Амангелді ауданындағы халық театрының алғашқы режиссері, өңірдегі театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Ол 1936 жылы қасиетті Торғай өңірінде дүниеге келген. Өнерге деген сүйіспеншілігін өмірлік мұратқа айналдырған азамат аудан мәдениетінің өркендеуіне бар күш-жігерін арнады.
Кеш барысында сөз сөйлегендер Мейрамхан Қапышевтің тек режиссер ғана емес, тұтас бір мәдени ортаны қалыптастырған ерекше тұлға болғанын атап өтті. Оның сахна өнеріне деген көзқарасы өзгеше еді. Ол актерді жай ғана рөл орындаушы ретінде емес, рухани деңгейі биік, мәдениеті жоғары, ойлы азамат ретінде тәрбиелеуге мән берген. Сондықтан да оның тәлімін көрген шәкірттер кейін қазақ өнерінің майталмандарына айналды.
Мейрамхан Қапышевтің өнер мектебінен Қазақстанның халық әртісі Әнуар Боранбаев, Қостанай облыстық қазақ драма театрының актрисасы Шара Мүсілова, сахна ардагері Жұлдызай Жұмағұлова сынды танымал өнер иелері шықты. Бұл – режиссердің кәсіби шеберлігі мен ұстаздық еңбегінің айқын жемісі.
Әдеби кеште тұлғаның өмірі мен шығармашылығына арналған естеліктер оқылып, театр өнері жайлы тағылымды ойлар айтылды. Сонымен қатар, қатысушылар қазақ мәдениетінің дамуына үлес қосқан өнер майталмандарының еңбегін дәріптеудің маңыздылығына тоқталды.
Кеш барысында кітапхана қызметкерлері Мейрамхан Қапышевке арналған кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарға тұлғаның өмір жолы мен шығармашылығы туралы тың мәліметтер ұсынды. Өнерсүйер қауым көрме арқылы театр тарихына қатысты құнды деректермен танысты.

Комментарии