Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Кітапқа құрмет – білімге бастар жол

Дата: 19.05.2026 Рубрика: Изба-читальня
7
0
Кітапқа құрмет – білімге бастар жол
Қостанайдағы №24 бастауыш мектеп-­гимназиясында ерекше рухани орта қалыптасты. Кітапқа құштар 4-сынып оқушылары «Үздік жас оқырман» байқауының финалына жиналып, «Ботақан» кітабы бойынша білімдері мен өнерін көпшілікке көрсетті.
Әдебиетті жан серігіне айналдырған жас өрендердің тартысты додаға дайындығы мектепті шынайы шығармашылық алаңына айналдырды.
Білім бәйгесінің басында мектеп директоры Нұргүл Қасенова сөз алып, жас ұрпақты кітапқа жақындатудың өзектілігін атап өтті.
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында облыс бойынша 55 мың адамды қамтыған ауқымды бастама қолға алынды. Біздің мектебіміз де осы игі істің бел ортасында. «Ботақан» кітабы – оқушыны ойлануға, ізденуге жетелейтін құнды еңбек», – деп бағасын берді мектеп басшысы. Директор жиынға қатысқан оқушыларды ынталандырып, білімге деген талпыныс – әр баланың ең үлкен жетістігі екенін айтты.
Айта кету керек, байқау кезең-­кезеңімен ұйымдастырылды. Бірінші кезең – «Ботақан» кітабы бойынша сұрақ-­жауап керуені болса, екінші кезең – барлық 4-сынып оқушыларынан тест жұмысы алынды. Үшінші кезең финалда үздік ондық тест сұрақтарына жауап беріп, кітап авторларының өлеңдері мен прозалық үзінділерін мәнерлеп жатқа айтып берді. Бұл кезеңдер оқушының әдеби шығарманы түсінуін, сөйлеу мәдениетін, сахналық дайындығын және авторлар туралы білімін бағалауға бағытталды.
Жас оқырмандардың өнерін бағалаған әділ-қазылар алқасының құрамы тәжірибесімен ерекшеленді. «ҚР білім беру ісінің үздігі», «Ы. Алтынсарин» төсбелгі иегері Сәуле Кәрімова, «Үздік педагог», «Қазына» сыйлығының лауреаты Биалаш Сүйінкина, ақын, драматург, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Абылай Мауданов.
Биалаш Сүйінкина жас буынның кітапқа деген қызығушылығын жоғары бағалап, бұл бастаманың маңыздылығына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, мұндай тағылымды шаралар өскелең ұрпақтың рухани дамуына оң әсер етіп, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.
«Бүгінгі ұрпақтың кітапқа бет бұруы – ел болашағының нұрлы болуын көрсетеді. Осындай игі бастамалар арқылы балалардың ой-өрісі кеңейіп, дүниетанымы қалыптасады. Сондықтан бұл – қолдауға лайық, өте маңызды бастама», – деп атап өтті ол.
Байқаудың алдында оқушылар үшін ерекше әдеби шара ұйымдастырылған болатын. «Ботақан» кітабының авторлары Әбутәліп Әмір, Жанұзақ Аязбекұлы, Заңғар Санай және өңір зиялылары оқушылармен кездесіп, шығармашылық жолдары туралы әңгімеледі. Кітапты құрастырушы топтан Ақылбек Шаяхмет, Аслан Қанғожин, Батырлан Сағынтай қатысып, жас оқырмандарға рухани қолдау көрсетті.
Қорытынды кезең жас оқырмандардың дайындығын айқын көрсетті. Қазылардың шешімі бойынша бірінші орын – 4 «а» сыныбынан Айзия Балғабай білімділігі мен көркем оқу шеберлігі жоғары бағаланып, 50 000 теңге сертификатымен марапатталды. Екінші орын 4 «а» сынып оқушысы Жасмин Досанова, тапқырлығымен ерекшеленіп, 30 000 теңге сертификатына лайық болды. Үшінші орын 4 «б» сыныбынан Кәусар Еркін жақсы дайындық көрсетіп, 20 000 теңгелік сертификатқа ие болды.
«Үздік жас оқырман» байқауы – жасөспірімдердің бойында оқу мәдениетін қалыптастырып, әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыратын маңызды бастама. №24 бастауыш мектеп-­гимназиясы бұл дәстүрді одан әрі жалғастырып, оқушылардың ой-өрісін дамытуға бағытталған игі істерге әрдайым қолдау көрсетпек.
Айта кету керек, білім сайысы облыстық білім басқармасының қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облыстық филиалы мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалы бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Үздік жас оқырман» өңірлік байқауы аясында ұйымдастырылды.
Айзере Қыдырбек, оқушы

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!