Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Кітапханадағы танымдық сабақ

Дата: 21.04.2026 Рубрика: Изба-читальня
6
0
Кітапханадағы танымдық сабақ
 «Южный» кітапхана-­филиалы базасында №19 орта мектептің 3 «Б» сынып оқушыларына арналған «Біздің көмекшілеріміз» атты кітапханалық-­библиографиялық сабақ ұйымдастырылды.
Танымдық форматта өткен бұл шараның басты мақсаты – оқушыларды анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеуге үйретіп, ақпаратты іздеу дағдыларын қалыптастыру болды.
 Сабақ барысында кішкентай оқырмандар энциклопедиялар, сөздіктер және өзге де анықтамалық басылымдар арқылы қажетті ақпаратты жылдам әрі тиімді табудың жолдарын меңгерді. Кітапхана қызметкерлері әрбір басылымның ерекшелігіне тоқталып, оларды дұрыс пайдалану тәсілдерін түсіндірді.
 Практикалық бөлімде оқушылар белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Атап айтқанда, белгілі бір параметрлер бойынша кітаптар іздеп, сөздіктер мен энциклопедияларды пайдалану арқылы сөздердің мағынасын анықтады және нақты тақырыптарға қатысты қажетті мәліметтерді тауып үйренді. Бұл тапсырмалар олардың ізденімпаздығын арттырып, кітаппен жұмыс істеу дағдыларын нығайтты.
 Сонымен қатар, балалар «Энциклопедиялар мен сөздіктер – сіздің ең жақсы достарыңыз» атты танымдық бейнероликті тамашалап, «Анықтамалық әдебиет» тақырыптық сөресімен танысты. Көрме арқылы олар түрлі бағыттағы анықтамалық кітаптардың мазмұнымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
 Жалпы, сабақ мазмұнды да әсерлі өтті. Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Мұндай танымдық іс-шаралар балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға зор ықпал етеді.

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!