Дәуір айнасы – кітап
Дата: 28.04.2026 Рубрика: Изба-читальня
0
5
0

Науырзым аудандық орталық кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай «Кітап – дәуір айнасы» атты ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер, кітапхана оқырмандары, ұстаздар мен жастар белсене қатысып, рухани кештің мазмұнын байыта түсті.
Шараның негізгі мақсаты – кітап оқуды кеңінен насихаттау, оқырманның сыни ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ кітапты білімнің, шабыттың және зияткерлік дамудың басты қайнар көзі ретінде дәріптеу болды. Ашық есік күні аясында кітап көрмелері ұйымдастырылып, жаңа әдебиеттерге шолу жасалды, танымдық әңгімелер мен пікір алмасу алаңдары өткізілді. Қатысушылар өзара ой бөлісіп, сүйікті кітаптары туралы пікірлерін ортаға салды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында кітапхананың қызметі таныстырылып, заманауи мүмкіндіктері, оқырмандарға ұсынылатын қызмет түрлері кеңінен насихатталды. Кітапханашылар оқырмандарға бағыт-бағдар беріп, әдеби талғамды қалыптастыру жолында маңызды кеңестер ұсынды.
Бүгінгі таңда кітап оқу – тек білім алудың құралы ғана емес, тұлғаның жан-жақты дамуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Сондықтан әрбір азаматтың, әрбір отбасының, әрбір оқушының басты міндеті – кітапты күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру. Бұл – болашақта халқымызды кітапсүйер, білімді, зияткер ұлт ретінде танытуға бастар маңызды қадам.

Комментарии