Алғыс айту – асыл қасиет
Дата: 10.03.2026 Рубрика: Изба-читальня
0
5
0

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Дорожный» кітапхана-филиалында «Алғыс айту – асыл қасиет» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Шара еліміздің тарихындағы маңызды күндердің бірі – 1 наурыз Алғыс айту күніне арналды. Бұл мереке көпұлтты Қазақстан халқы арасындағы достықты, өзара құрмет пен келісімді дәріптеуге бағытталған. Сондай-ақ, ел тұрғындарының бір-біріне және қазақ халқына қиын-қыстау кезеңдердегі төзімділігі мен қонақжайлылығы үшін ризашылық білдіретін күн ретінде ерекше маңызға ие.
Кітапханашы қатысушыларды елімізде тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің достығы мен ынтымақтастығы жайында мазмұнды мәліметтермен таныстырды. Алғыс айту күнінің мәні – бір-біріне жылы сөз айтып, ізгі тілектер арнау арқылы қуаныш пен шаттық сыйлау, ризашылық білдіру екені атап өтілді.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, танымдық ойындарға қатысты. Балалар ортаға қойылған «Алғыс ағашына» ата-анасына, ұстазына, достарына арнаған жүрекжарды алғыстарын жазып, жапсырды. Бұл сәт ерекше әсерлі әрі мағыналы болды.
Сонымен қатар «Жүректен – жүрекке» атты тренинг өткізілді. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне жүрек пішініндегі қағаздарды ұсына отырып, жылы лебіздері мен алғыстарын жеткізді. Бұл жаттығу балалардың мейірімділік, сыйластық және достық сезімдерін арттыра түсті.
Шара соңында қатысушылар алғыс айту – тек бір күндік мереке емес, өмірлік ұстаным болуы тиіс деген ой түйді. Ризашылық білдіру арқылы адам жүрегі тазарып, қоғамда ізгілік пен татулық нығая түседі.
Алғыс айту – асыл қасиет. Ендеше, әрдайым бір-бірімізге мейірімді болып, жылы сөзімізді аямайық!
Эльмира Мирзалива, «Дорожный» кітапхана-филиалының кітапханашысы

Комментарии