«Менің мамандығым – менің тірегім»
Дата: 10.03.2026 Рубрика: Изба-читальня
0
5
0

«Киевский» кітапхана-филиалы базасында №13 жалпы білім беретін мектептің 7 «А» сынып оқушыларына арналған «Менің мамандығым – менің тірегім» атты танымдық кәсіби квест ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – жасөспірімдерге мамандық таңдаудың маңызын жан-жақты түсіндіру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға бағыт беру және заманауи еңбек нарығында дұрыс бағдар ұсыну.
Кездесу барысында кітапханашы қазіргі қарқынды өзгеріп жатқан қоғамда мамандықтың тек табыс көзі ғана емес, сонымен қатар адамның өмірлік ұстанымын айқындайтын, мінез-құлқын қалыптастыратын және болашақтағы ортасын айқындайтын маңызды тірек екеніне ерекше тоқталды. Оқушылармен бірге кәсіп таңдауда жиі кездесетін өзекті мәселелер – қызығушылық пен сұраныс арасындағы тепе-теңдік, ата-ана пікірі, еңбек нарығындағы бәсекелестік және жеке қабілетті дамыту жолдары талқыланды.
Іс-шараның негізгі бөлімінде қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын квест тапсырмаларын орындады. «Кім жылдам?», «Мамандықты тап», «Болашаққа бір қадам» секілді логикалық және шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылар өздерінің бейімділіктерін байқап көрді. Топтық жұмыс барысында ұйымшылдық пен жауапкершілік те сынға түсті.
Шара аясында «Мамандықтар лабиринті» атты тақырыптық кітап сөресіне шолу жасалып, кәсіби бағдар беретін энциклопедиялар, психологиялық тест жинақтары мен түрлі сала мамандары туралы әдебиеттер ұсынылды. Оқушылар өздерін қызықтырған мамандықтар жайлы қосымша ақпарат алды.
Кездесу соңында жасөспірімдер мамандық таңдаудағы жауапкершілік пен қоғамға қызмет етудің маңыздылығы туралы ой түйді. «Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Біздің мақсатымыз – жастардың өз қабілетін дұрыс танып, қоғамға пайдалы тұлға болып қалыптасуына жол көрсету», – дейді кітапхана ұжымы. Аталған шара оқушыларға болашаққа сеніммен қарауға, өз арманына нақты қадам жасауға серпін берді.
Марияш Молдағалиева, «Киевский» кітапхана-филиалының кітапханашысы

Комментарии