«Кітап – білім бұлағы» интеллектуалдық ойыны
Дата: 20.01.2026 Рубрика: Изба-читальня
0
27
0

Қостанай қаласындағы №2 мектеп-лицейінде Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің ұйымдастыруымен «Кітап – білім бұлағы» атты танымдық-интеллектуалдық ойын өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау және жасөспірімдердің зияткерлік әлеуетін дамыту.
Интеллектуалдық сайысқа 9-сынып оқушылары командалық форматта қатысып, өзара білім мен тапқырлықта бақ сынады. Ойын барысында қатысушылар Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармаларына қатысты түрлі тапсырмаларды орындады.
Атап айтқанда, оқушылар «Қырғыз хрестоматиясындағы» шығармалармен жұмыс жасап, әңгімелер мазмұны бойынша ассоциативті сөздер мен сөз тіркестерін құрастырды, жекелеген сөздерді қазақ тіліне аударып, мәтіннің мағынасын терең түсінуге талпынды. Бұл тапсырмалар арқылы білім алушылар жазушы шығармаларындағы адамгершілік, еңбекқорлық, білімге құштарлық, адалдық секілді тәрбиелік идеяларды қаншалықты меңгергенін көрсетті.
Сонымен қатар ойын барысында оқушылар Қостанай өңірінен шыққан көрнекті тұлғалар, олардың есімдерімен аталған көше атаулары мен ескерткіштер туралы білімдерімен бөлісіп, туған өлке тарихына қатысты сауаттылықтарын танытты. Бұл кезең оқушылардың өлкетануға деген қызығушылығын арттырып, тарихи тұлғаларды тануға бағытталды.
Интеллектуалдық ойын жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың белсенділігі мен шығармашылық ізденісі ерекше байқалды. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар анықталып, үздік нәтиже көрсеткен командалар мен белсенді оқушылар арнайы марапаттармен марапатталды.
Мұндай танымдық шаралар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, кітап оқуға деген ынтасын арттырып қана қоймай, ұлттық рухани мұраны құрметтеуге және білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға зор ықпал етеді.
Қостанай қаласы

Комментарии