Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қызықты кітаптар әлемінде

Дата: 20.01.2026 Рубрика: Изба-читальня
25
0
Қызықты кітаптар әлемінде
Балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, олардың таным көкжиегін кеңейту мақсатында «Южный» кітапхана-­филиалында «Балалық шақтың оқырман қаласы» атты мазмұнды кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме барлық жастағы балаларға арналған және түрлі бағыттағы әдебиеттерді қамтиды.
Кітап көрмесінің «Қымбат мұра» бөлімінде қазақ халқының ұлы тұлғалары – Абай Құнанбаев, Сәкен Сейфуллин, Дінмұхамед Қонаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Даңқты адамдар» сериясындағы басылымдар ұсынылған. Сондай-ақ, қаһармандық эпос жанрындағы кітаптар оқырмандардың ерекше қызығушылығын тудырып отыр. М. Базарбаеваның «Батыр – елдің жүрегі», Қ. Сәкидің «Ер қаруы – бес қару», А. Естеновтің «Біздің батыр бабалар» еңбектері жас ұрпаққа ерлік пен елжандылық рухын сіңіруге бағытталған.
Ал «Жүз мың “Неге?”» бөлімі танымдық әдебиеттермен толықтырылған. Бұл жерде балаларды қызықтыратын көптеген сұрақтарға жауап табуға болады. Мәселен, «Путешествие в Китай» кітабы арқылы оқырмандар күріштің суда не себепті өсірілетінін, қытай фарфорының жасалу құпиясын және қағаздың шығу тарихын біле алады. Ал «1000 пайдалы сөз» басылымы оқуды енді меңгеріп жүрген балаларға арналған.
«Кітаптардың сүйікті беттері» бөлімінде ресейлік және шетелдік авторлардың балаларға арналған шығармалары қойылған. Олардың қатарында Е. Ульеваның «Добрые дела», Б.Заходердің «Любимые стихи», Д.Хоганның «Мечтая о звездах» сияқты туындылар бар.
Отбасылық оқуды насихаттауға арналған «Біз бүкіл отбасымызбен оқимыз» бөлімінде қызықты сюжетке құрылған ертегілер, әңгімелер мен өлеңдер жинақталған. З. Жекейұлының «Намыс оты», Э. Портердің «Поллианна» шығармалары әртүрлі жастағы оқырмандардың көңілінен шығары сөзсіз.
Ал «Ертегілер керуені» бөліміндегі кітаптар кішкентай оқырмандарды жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, батылдыққа және әділдікке тәрбиелейді. «Ағайынды Гриммдердің ертегілері» жинағы балаларды Бремен музыканттарымен бірге ғажайып оқиғалар әлеміне жетелесе, В. Гауфтың «Кішкентай Мук» ертегісі шындықты сүюге, еркіндік пен адалдықты бағалауға үйретеді.
«Балалық шақтың оқырман қаласы» кітап көрмесі – балаларды кітап оқуға баулып, олардың рухани дамуына серпін беретін маңызды мәдени шара. Көрме «Южный» кітапхана-­филиалында өз оқырмандарын асыға күтеді.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!