Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жасай бер, Қазақ елі – туған жерім!

Дата: 04.11.2025 Рубрика: Изба-читальня
45
0
  Жасай бер, Қазақ елі – туған жерім!
Республика күніне орай Шилі ауылдық кітапханасында патриоттық рух пен отаншылдық сезімді дәріптеген «Жасай бер, Қазақ елім, туған жерім!» атты патриоттық микс өтті. Шараның мақсаты – оқырмандардың бойында елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңіру.
Іс-шара барысында балалар мемлекеттік Әнұранды жоғары жауапкершілікпен, ерекше шабытпен орындады. Сондай-ақ, олар туған жер, Отан, қазақ елі туралы жүрекжарды өлеңдерін оқып, өздерінің патриоттық сезімдерін көрермендерге жеткізді.
Кітапхана қызметкерлері қатысушыларды еліміздің тарихы мен жетістіктерін айқындайтын арнайы ұйымдастырылған «Тәуелсіз ел – тұғырлы мемлекет» атты кітап көрмесімен таныстырды. Көрмеде Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, ел дамуына үлес қосқан ұлт тұлғаларының өмір жолы мен еңбегі жайлы көптеген танымдық кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды.
Мерекелік шара соңында қатысушыларға еліміздің бейбіт өмірі мен гүлденуі жолында білімді, елжанды азамат болуға үндеу айтылды.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!