Қымбат маған – ана тілім, бал тілім
Дата: 23.09.2025 Рубрика: Изба-читальня
0
64
0

Дәмді ауылдық кітапханасында «Қымбат маған – ана тілім, бал тілім» атты тақырыптық сағат өтті. Шараның негізгі мақсаты – оқырман-оқушы балалардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілінің қоғамдағы маңызын ұғындыру әрі оны қастерлеуге тәрбиелеу болды.
Іс-шара барысында балаларға қазақ тілінің құдіреті мен байлығын танытатын мазмұнды бағдарлама ұсынылды. Оқушылар Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» атты өлеңін жатқа айтып, ақынның тілге деген шынайы махаббатын жеткізді. Кітапханашылар қатысушыларды дана ойлы нақыл сөздермен таныстырып, тілге қатысты сұрақ-жауап ойынын өткізді. Сонымен қатар, балалар тіл туралы мақал-мәтелдер айтып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Шара барысында оқырман назарына қазақ тілін тереңірек тануға арналған сөздіктер, термин сөздіктері, тілге қатысты ғылыми еңбектер мен зерттеу кітаптары ұсынылды. Іс-шара соңында оқушылардың бірлігі мен ынтасын айшықтайтын ұранды өлең жолдары оқылып, әсерлі ой түйінделді.
«Қайтсек ұрпақ өседі өрелі боп?» деген ұстанымды арқау еткен бұл басқосу жас буынға ана тіліне деген құрметті арттырып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үндеді.

Комментарии