Тіл – достықтың алтын көпірі
Дата: 16.09.2025 Рубрика: Изба-читальня
0
73
0

Қазақстанда 5 қыркүйек – ел халықтарының тілдері күні кең көлемде аталып өтеді. Бұл мереке әр тілдің адамзаттың рухани мұрасының ажырамас бөлігі екенін, әрбір мәдениеттің әлемдік өркениетке қосқан үлесін дәріптеуді мақсат етеді.
Осы орайда Смирновка ауылдық кітапханасында «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Кітапханашы қатысушыларға ана тілінің маңызы, оның ұлттық бірегейлікті сақтаудағы орны және мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікті нығайтудағы рөлі туралы әңгімелеп берді. Балалар тілдің тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар халықтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін жеткізуші екенін ұғынды.
Шара мазмұнды әрі жылы жағдайда өтті. Оқушылар «Сен өз Отаныңды білесің бе?», «Бәйге» сайыстарында және «Сөйлеу мәдениеті» атты интеллектуалды ойында белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салды.
Осындай кездесулер жас ұрпақтың ана тіліне және өзге тілдерге деген құрметін арттырып қана қоймай, отансүйгіштікке, толеранттылыққа, достық пен ынтымаққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.
Айсана Бақыт, оқушы

Комментарии