Алаш арысы туралы туынды
Дата: 09.09.2025 Рубрика: Изба-читальня
0
79
0

Жерлесіміз, танымал жазушы Қайсар Әлім қазақтың ұлы перзенті, Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Міржақып Дулатұлы жайлы жаңа кітап жазды. Бұл ғұмырнамалық еңбек – Жақаңның 140 жылдығына орай Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қолдауымен «Фолиант» баспасынан шықты.
Кітапта Міржақып атамыздың балалық шағынан бастап, ұлт тәуелсіздігі жолындағы күресі, ағартушылық және шығармашылық еңбектері жан-жақты баяндалған. Сондай-ақ, автор тарихи деректер мен естеліктерді, фото-суреттер мен мақалаларды жинақтап, оқырманға ұсынады.
Туынды төрт бөлімнен тұрады: «Алаш арысы», «Жасындай жарқыл», «Шындық шырағы», «Аманат». Мұнда Жақаңның «Оян, қазақ!» сияқты халықты оятқан шығармалары, ақындық, жазушылық және журналистік қыры кеңінен сөз болады. Оның елге білім мен мәдениет әкелуге талпынған еңбектері де ерекше аталады.
Қайсар Әлім бұл еңбекте тек Міржақып Дулатұлының өмірін ғана емес, ХХ ғасыр басындағы қазақ тарихының күрделі кезеңдерін де көрсеткен. Кітап жас ұрпаққа ұлтжандылықты, адалдықты, білімге құштарлықты үлгі етеді.
Бұл еңбек – Міржақып мұрасын танып, одан өнеге алғысы келетін барлық оқырманға арналған қымбат қазына.
Комментарии


