Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Кітап оқитын ұлтқа қадам!

Дата: 09.09.2025 Рубрика: Изба-читальня
103
0
Кітап оқитын ұлтқа қадам!
Баршаңызға мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен ІІІ Ұлттық құрылтайда: «Прогрессивті ұлт болу үшін бала кезден кітап оқуға дағдылануымыз керек» деп айтқан еді.
Жақында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «Amanat» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов елімізде жаңа «Кітап оқитын ұлт» атты жоба басталғанын хабарлады. Бұл жобаға Қарағанды облысы мен Шымкент қаласымен бірге біздің Қостанай облысы да енді. Бұл – өте қуанышты жаңалық!
Қостанай жері – Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы сынды ұлы ағартушылардың мекені. Сондықтан мұнда кітап оқуға арналған үлкен жобаның өтуі заңды құбылыс.
Жоба не үшін қажет? Мақсаты – балалардың, жастардың және ересектердің кітапқа қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру.
Қандай байқаулар бар? Жоба аясында:
• «Кітап оқитын мектеп»,
• «Кітап оқитын колледж»,
• «Кітап оқитын университет»,
• «Кітап оқитын педагог»,
• «Кітап оқитын әулет»,
• «Кітап оқитын мемлекеттік қызметкер» сынды аталымдар бойынша байқаулар өтеді.
Қатысушылар 15 кітап оқып, түрлі сайыстарда бақ сынайды. Мектептерде арнайы оқырмандар клубтары құрылып, кітап талқылау кештері ұйымдастырылады.
Жеңімпаздар қомақты сыйлыққа ие болады.
Жобаны «Amanat» партиясы мен «Кітап оқитын ұлт – читающая нация» қоры жүзеге асырып отыр. Бас демеушісі – «ALAGEUM ELECTRIC» компаниясы.
Құрметті балалар! Кітап – білімнің қазынасы. Ендеше бәріміз бірге кітап оқып, ой-өрісімізді кеңейтіп, білімнің биігіне ұмтылайық!

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!