Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жаңа кітап – жаңа өмір

Дата: 01.07.2025 Рубрика: Изба-читальня
164
0
Жаңа кітап –  жаңа өмір
Қуанышты жаңалық! Қостанай өңірінің белгілі жазушысы Абылай Мауданның қаламынан туған су жаңа «Дайдидау» кітабы Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қорына келіп түсті.
Бұл рухани туынды – қазақ әдебиетіне қосылған қомақты үлес, оқырманды терең ой мен сырлы сезімге бөлейтін тағылымды еңбек.
«Дайдидау» – аты таныс, заты тереңге бойлайтын шығарма. Қазақ халқының ұлттық құндылығы саналатын осы атаудағы әнді әлемге әйгілі еткен – еліміздің мақтанышы, опера әншісі Димаш Құдайберген. Оның орындауында бұл ән жаһан жұртының жүрегіне жол тауып, қазақтың үні алты құрлыққа жетті. Осы жайттың өзі кітаптың маңыздылығын арттырып, оған халықаралық деңгейде қызығушылық туғызып отыр.
Жазушы Абылай Маудан бұл туындыны жазу барысында «Дайдидау» әнінің тарихына терең үңілген. Автордың айтуынша, бұл халық әні ретінде белгілі болса да, оны Мағжан Жұмабаев сынды сыршыл ақынның жазуы да ғажап емес. Мұндай пікір туындының тарихи әрі әдеби мәнін одан сайын биіктетеді.
Кітапхана ұжымы атынан бұл көркем туындының жарыққа шығуын құттықтай отырып, жаңа кітаптың жаңа оқырмандарына тың ой, жарқын үміт, игі бастама, ізгі бағыт сыйлайтынына сенім білдіреміз. Бұл еңбек – қазақтың әні мен рухын, сөз өнері мен ұлттық болмысын әлемге паш ететін рухани көпір.
Қаламы қарымды жазушыға шығармашылық шабыт, туындысына ұзақ ғұмыр тілейміз. Жаңа кітаптың жаңа өмірі жарқын болсын!
Зоя Әлмұқанқызы,
әдебиетті іріктеу, өңдеу және сақтау бөлімінің кітапханашысы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!