Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Мен өмір сүремін, үйренемін, оқимын!»

Дата: 15.07.2025 Рубрика: Изба-читальня
198
0
«Мен өмір  сүремін, үйренемін, оқимын!»
 
Қостанай қаласындағы «IQostanay» балаларға арналған SMART-орталығының кітапханасында ерекше бір көңілді де мағыналы шара өтті.
Бұл – «Мен өмір сүремін, үйренемін, оқимын» атты кітап пен оқу мерекесі!
Шараға жазғы лагерьде демалып жатқан балалар белсене қатысты. Кітапхана жетекшілері жыл бойы кітапханаға келіп, кітап оқып, түрлі шараларға қатысып жүрген белсенді балаларға алғысын айтып, марапаттарын ұсынды.
Кітапханашы апайлар балаларға арналған түрлі көркем әдебиеттерге шолу жасап, қызықты кітаптар жайлы әңгімеледі. Балалар өз кезегінде өлең оқып, ән шырқап, кітапхана ауасын өнермен тербетті. Мысалы, «Кел, балалар, оқылық!» (Ы.Алтынсарин), «Бородино» (М.Лермонтов), «Өкінбеймін, шақырмаймын, жыламаймын» (С.Есенин) сияқты өлеңдер оқылды.
Балалар кітапқа деген сүйіспеншілігін тілек ленталары арқылы көрсетті. Олар түрлі түсті ленталарға кітап жайлы жылы лебіздерін жазып, тілек ағашына байлады.
Мысалы: Қызғылт лентаны – өлең сүйетіндер. Көк лентаны – ертегі сүйетіндер және қызғылт-сары лентаны – шытырман оқиғаларға қызығатын балалар таңдап алды.
Ағашта ең көп лента – қызғылт, көк және қызғылт-сары түсті болды. Бұл – балалардың кітап оқуға деген үлкен қызығушылығының белгісі!
Мерекелік шара соңында балаларға кітаптар сыйға тартылды. Олар енді бұл 
кітаптарды өздері оқып қана қоймай, достарымен бөлісіп оқитындарын айтты.
 Ш. Е. Хакімова

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!