Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ру сұрасқан ұят па?

Дата: 12.11.2024 Рубрика: Изба-читальня
94
0
Ру сұрасқан ұят па?
Өткенде мынадай бір қызық жағдай болды. Әдеттегідей жұмыста отыр едік, жылмиып бір жап-жас жігіт келді. Жөн сұрастық, Орталық Қазақстан өңірінің тумасы екен. Ойымызда ештеңе жоқ, «бауырым қай рудан боласың?» дедік. Ана бала тыжырынды. Біз бейбақтың бетіне аса бір жақтырмай қарады. Дүңк еткізіп, «Қазақпын» деді. Отырған жұрт біртүрлі боп қалдық. Біз де қитығып, «қазақ екеніңді  біліп отырмыз, ру-тегіңді білмегеніңе қарағанда, кірме болдың ғой шырағым». Бала ақиланды. «Қазақпын дедім ғой, болды емес пе, несіне қазбалайсыз, осы бір рушылдықты жаным сүймейді!» десін.
Ақыры үндемедік. Ішімізден қазаққа кірме қалмақ немесе татар-ноғайдың бірі шығар дедік те қойдық. Мына оқиғадан кейін қатты ойланып қалдық. Әлде, ру сұру ұят па? Жас баланың қылығы көпке дейін ойымыздан кетпей жүрді. Сөйтіп жүргенде, жазушы Мұхтар Мағауинның мына бір сөзін оқып қалдық. Ол кісі былай депті: «Алдыма танымайтын бір адам келсе, оның руын, туған жерін сұраймын. Себебі, ол адамның ата-тегін, тұп-тұқиянын, жұртын білмесем, қалай әңгімелесе алам» депті. Хош сонымен.
Бірде көрнекті ақын Қадыр Мырзалиев Қостанайға барыпты. Күнтимес деген ауылға ат басын бұрады. Себебі, бұл Шоқан Уәлихановтың  туған жері. Содан бір шалдар келеді. Қадырдан «Қай елдің азаматысың» деп сұрайды. Қадағаң:
-Батыстың Байбақтысымын, – дейді. Шалдар жамырап жүре береді.
-Ой, құда екенсіз, үйге жүр мал соямыз? Қадағаң аң-таң. «Мен сіздерге қалай құда болам?» десе, шалдар:
-Жастар білмейді ғой, атақты Сырым батырдың әпкесі ертеде (1743-45 жылдары) біз жаққа келін болып келді емес пе, сен құда болмай кім боласың, бабалар «құда мың жылдық» деп бекер айтты дейсің бе, қарағым!- депті. 
(«Жалын» журналы. 2007 ж. №4) 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!