«СӨЗ – МАРЖАН»
Дата: 12.11.2024 Рубрика: Изба-читальня
0
30
0
Әдебиетім – мақтаным!
Әдебиетім – мақтаным,
Сездірген сөз ажарын
Абай өлеңін жаттадым
Ұғып тұрмын ғажабын
Ыбырай мен Абайды
Барлық әлем таныды
Ілияс пен Бейімбет
Қара сөздің алыбы
Әдебиет – тіл бұлағы
Баға жетпес құндылық
Болашақта тұрады
Алдымыздан күн күліп
Біз ұрпақ – ел ертеңі!
Алға ұмтылсақ талпына
Армандар көп ертеді
Тірек болар халқына
Біз ұрпақ – ел ертеңі
Ұлылықты ұғамыз
Ұлтқа жақын ұғыммен
Асуларға шығамыз
Еңбекпенен, біліммен
Әлихандай боламыз
Сүйіп өтем елімді
Біз талапты баламыз
Болашаққа сенімді
Жәлел Айзере
Мәриям Хакімжанова
атындағы 20 мектептің 5 «ә» оқушысы
Құндылы-ғымсың, қазақтың жері!
Кең байтақ өлкем,
Ғажайып көркем,
Таңғалып өтем, Қазақтың жері.
Ойнаған киік,
Тауларың биік,
Тұр көкке тиіп, Қазақтың жері.
Құлпырған дала,
Дамыған қала,
Туған Жер-Ана, Қазақтың жері.
Құм басқан шөлің,
Айдынды көлің,
Таусылмас кенің, Қазақтың жері.
Аңқыған гүлдер,
Жайдарлы күндер,
Жүрекке жыр бер, Қазақтың жері.
Жайнай бер, елім,
Сүйемін сені,
Құндылығымсың-
Қазақтың жері.
Туған мекенім
Тобылым – тарихы мол, текті жерім,
Өзіңде сәби күнім өтті менің.
Анамдай аялаған туған жерге,
Жырымның жеткізейін отты лебін.
Табиғаты жанымды еліктірген.
Ну орманы сезімге ерік берген.
Самал желі тербетіп толқындарын,
Көркі бар кең далама көрік берген.
Құсы сайрап тоғайда ән салады
Тыңдаған жан таңырқап, тамсанады.
Мың бұралып билейді қайыңдары,
Шыршасы, қарағайы, аршалары.
Тым сұлу сәнің неткен сағым далам,
Жүрек оты жасындай жалындаған.
Балауса жырларымды арнап тұрмын,
Өзіңді аңсап толқып, сағынғаннан
Қалиқан Әдемі
Мәриям Хакімжанова
атындағы 20 мектептің 5 «ә» оқушысы
Комментарии