Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Көне жазуларды зерттеген ғалым

Дата: 22.04.2025 Рубрика: Главная ценность
234
0
Көне жазуларды зерттеген ғалым
Қазақ ғылымының көрнекті өкілі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, жаратылыстанушы ғалым Мағрипа Шөжеғұлқызы Жылқыбаеваның 80 жылдық мерейтойына орай Науырзым ауылдық кітапханасында «Көне жазуларды зерттеген ғалым Мағрипа Жылқыбаева» атты танымдық тарих сағаты өткізілді. Шараға кітапхана оқырмандары, мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты.
Іс-шара барысында оқырмандарға ғалымның өмір жолы, ғылыми ізденістері, қазақ ғылымына қосқан өлшеусіз үлесі кеңінен таныстырылды. Әсіресе, оның 1970 жылы Жетісу жеріндегі Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» күміс зереншесіндегі 26 таңбаны зерттеуге 30 жылын арнап, нәтижесінде көптомдық еңбек жазып шыққаны ерекше айтылды. Ғалымның бұл еңбегі – көне жазулар мен тылсым таңбалардың құпиясын алғаш болып кеңістік арқылы оқу әдісін қолдануымен әлемдік ғылымдағы бірегей жаңалық болды.
Мағрипа Жылқыбаева — петроглифтерді, көне артефакттардағы құпия жазуларды кванттық оптика әдісі арқылы зерттеген алғашқы ғалым. 1989 жылдан бастап өмірінің соңына дейін ол Қазақстанда және шетелдерде 1000-нан астам көне жазу мен символдарды зерттеп, оларға ғылыми сипаттама берген.
Іс-шара аясында оқушылармен сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, ғалым туралы деректі көрме таныстырылды.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!