Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Мақалдап сөйлеп үйренейік

Дата: 26.03.2024 Рубрика: Главная ценность
272
0
Мақалдап сөйлеп үйренейік
            Мақал-мәтелдер ғасырлар шежіресі. Мақал-мәтелдер ой дәлелдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан құблыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады. Халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, асқан шеберлікпен танытқан. «Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын» дегендей, мақал-мәтелдің өн бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақты кездестіреміз. Онда басы артық бір сөз болмайды. Барлығы өз орнында.
Мақал үлкен толғау, образ арқылы берілген логикалық ой қорытындысы. Мақалдарда халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы мен салты, дүние танудағы көзқарасы, кәсібі, қуанышы мен күйініші, айтатын ақылөсиеті, қысқасы халық өмірінің сан қырлы жақтары қамтылады.
            Оқушы тілін дамытуда іске асырылған жұмыстың бірі – мақал-мәтелдер арқылы сөздік қорын байыту болса, мақал-мәтелді оқушыға керек. Ал сіздер қандай мақал-мәтелдер білесіздер. Олар жайлы бізге жазып жіберуілеріңізге болады.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!