Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

"Шаттықтың» кішкентай жұлдыздары"

Дата: 16.01.2024 Рубрика: Главная ценность
338
0
"Шаттықтың» кішкентай жұлдыздары"
Мектебіміздегі «Шаттық» вокал үйірмесіне алты жасымнан бері қатысып келемін. Менімен бірге бірнеше құрбыларым да қатысады. Сүйікті ісіңмен айналысып жүріп, нәтижелерге қол жеткізу үлкен бақыт. Ән айту – менің хоббиім. Уақытымның тығыздығына қарамастан, вокал дәрістеріне үзбей қатысамын. Одан бөлек, мектебімізде басқа да бағыттарды қамтитын үйірмелер бар. Барлығын сабақпен қатар алып жүруге тырысамын.
«Шаттық» тобының қыздары екі жыл ішінде түрлі ән байқауларына қатысып, жүлделі орындарға иеленіп келеді. Былтыр күзде «Таланты Казахстана» халықаралық конкурсына қатысып, бас жүлдені жеңіп алдық. Бізге Ташкент, Түркия, Грузия елдеріне өтетін ән байқауына қатысуға жолдама берілді. Біз қатты қуандық. Оның сыртында қалалық, облыстық концерттерде, «Көшбасшылар шыршасында», жаңа жылдық, наурыз мейрамдарында өз өнерімізді көрсетудеміз. Үлкен жетістіктерге жетуімізге жетекшіміз Гүлнар Ибраеваның еңбегі ерекше.
Айзере Қыдырбекқызы,
Қостанай қаласы №24 бастауыш мектеп-гимназиясының оқушысы.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!