Тілді құрметтеу – ұлтты құрметтеу
Дата: 22.09.2026 Рубрика: Фантазёры
0
3
0

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде тағылымы мол мерекелік шара өтті. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, ән айтып, өз өнерлерін ортаға салды. Шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының ұлт руханиятындағы айрықша орны, қазақ тілін дамытуға қосқан өлшеусіз еңбегі және ана тілінің қадірі кеңінен дәріптелді.
Мектепте өткен мерекелік шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу және Ахмет Байтұрсынұлының ұлт руханиятына қосқан еңбегін жас ұрпаққа кеңінен насихаттау.
Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – қазақ руханияты үшін айрықша мәнге ие дата. Ұлт ұстазының бар ғұмыры қазақ тілін зерттеуге, оны оқытуға және ұлттың рухани негізін нығайтуға арналды. Сондықтан мектеп ұжымы бұл күнді оқушылар үшін мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор шарамен атап өтуді жөн көрген.
Іс-шара барысында оқушылар арасында Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Жасөрендер ақынның шығармаларын жатқа оқып, көркем сөз оқу шеберліктерін көрсетті.
8-сынып оқушысы Аруна Кәдірбек «Адамдық диқаншысы» өлеңін мәнерлеп орындап, көрерменге ақынның адамгершілік туралы ойларын жеткізді. Ал осы сыныптың оқушысы Берік Мақсұт «Анама хат» өлеңін оқып, анаға деген сағыныш пен перзенттік сезімді әсерлі жеткізді.8-сынып оқушысы Аяна Сапи де өз өнерін ортаға салып, шараның көркін қыздырды. Оқушылардың әрқайсысы сахнада өз қабілетін танытып, Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының тәрбиелік мәнін ашуға тырысты.Мерекелік бағдарлама тек мәнерлеп оқумен шектелмеді. Оқушылар ән айтып, өнер көрсетіп, тілге деген құрметін шығармашылық арқылы білдірді. Сонымен қатар шара барысында мемлекеттік тілдің мәртебесі, тіл мәдениеті, көптілділіктің маңызы және ұлттық құндылықтар туралы сөз қозғалды.
Шараға арнайы қонақ ретінде Жангелдин ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Әсем Серікбаева қатысып, оқушыларға жылы лебізін білдірді. Ол жас ұрпақтың ана тіліне деген құрметі елдің болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.
Ал мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әйгерім Есекеева Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын оқушыларға танытудың маңызына тоқталды.
«Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының ғана емес, тұтас ұлттың рухани дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлға. Ол ана тіліміздің ғылыми негізін қалыптастырып, қазақ баласының сауатын ашуға бар күшін жұмсады. Сондықтан Ахмет атамыздың мұрасын жас ұрпаққа таныту – біздің ұстаздық міндетіміз.Бүгінгі оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқып, сахнаға шығып, өз өнерін көрсетуі – олардың тілге деген қызығушылығының бір көрінісі. Біз балаларға тілді тек пән ретінде емес, ұлттың жаны, тарихы мен рухани құндылығы ретінде түсіндіруіміз керек. Ана тілін құрметтеген бала өз елінің тарихын да, мәдениетін де құрметтейді», – деді Әйгерім Есекеева.
Ұстаздың айтуынша, мұндай шығармашылық шаралар оқушылардың әдебиетке қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың көпшілік алдында еркін сөйлеуіне, көркем сөз оқуына және өз ойын жеткізуіне мүмкіндік береді.
Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай өткен шара оқушылар үшін ұлт ұстасының шығармашылығымен жақынырақ танысып, ана тілінің қадірін сезінуге мүмкіндік берген тәрбиелік тағылымы мол кездесу болды.
Айзере Қыдырбек, оқушы

Комментарии