Ауылын дамытып жүрген ұстаз
Дата: 06.10.2026 Рубрика: Фантазёры
0
6
0

Қостанай облысының Гришенка ауылында төрт жүзге жуық тұрғын бар. Ал ауылдағы мектепте 40-қа жуық оқушы білім алады. Осы ауылда туып-өскен Степан Галкин қалада жоғары білім алып, туған жеріне қайта оралған. Бүгінде өзі білім алған мектепте физика және математика пәндерінен сабақ беріп, ауыл балаларына сапалы білім берумен қатар, олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасап келеді.
Жақында Степан Галкиннің ұстаздық жолы отандық Bilim Group EdTech экожүйесі ұсынған Mugalim деректі жобасы аясында түсірілген үш қысқаметражды фильмнің біріне арқау болды. Деректі туындыда ауыл мектебінде еңбек етіп жүрген жас педагогтің кәсіби жолы, туған жеріне деген сүйіспеншілігі және ауыл балалары үшін жасап жүрген игі бастамалары баяндалады. Степан мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінен физика пәніне ерекше қызығушылық танытқан. Студент кезінде өзі білім алған ауыл мектебінде педагогикалық тәжірибеден өтіп, бұрын өзіне сабақ берген ұстаздармен әріптес болды. Оқушылармен жұмыс істеп, ауыл мектебінің тыныс-тіршілігін қайта сезінуі оның туған жеріне оралып, ұстаздық қызметті таңдауға ықпал етті.
«Балалардан өз балалық шағымды көремін десем де болады. Олардың қалай өмір сүріп, қандай жағдайда өсіп жатқанын жақсы білемін. Бір сәтте бұл жерде жай ғана жұмыс істеп қоймай, өзгеріс әкелгім, жаңа леп сыйлағым келді», – дейді Степан.
Педагогтің айтуынша, ауыл балалары үшін негізгі мәселелердің бірі – даму мүмкіндіктерінің шектеулі болуы. Гришенкада үйірмелер мен қосымша сабақтардың түрі көп емес. Сондықтан Степан әріптестерімен бірге оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың қызығушылығын арттыратын түрлі бастамаларды жүзеге асырып келеді. Солардың бірі – мектепте баскетбол секциясының ашылуы. Педагог жергілікті шаруалардың қолдауымен балалардың түрлі жарыстарға қатысуына жағдай жасауға атсалысты. Нәтижесінде мектеп оқушылары бірқатар турнирлерге қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр.
Степанның тағы бір қызығушылығы – астрономия. Ол аспан әлемін зерттеп, алған білімін оқушылармен ғана емес, ата-аналармен және ауыл тұрғындарымен де бөлісіп келеді. Педагог ауылда кешкі уақытта аспанды бақылауға арналған арнайы танымдық кездесулер ұйымдастырады. Мұндай шаралар балалардың ғылымға деген қызығушылығын оятып, олардың жаңа дүниені зерттеуге деген ынтасын арттыруда. Степан ауыл балаларына қажетті жағдай жасаумен қатар, ауылдық жерлерде еңбек етуге дайын білікті мамандарды тартудың да маңызы зор екенін атап өтті.
«Мектептің жұмыс істеуі үшін кадр қажет. Бір жыл істеп, артынан кетіп қалатын мұғалімдер емес, өз ісіне жаны ашитын, шынымен де өзгеріс жасағысы келетін мамандар керек. Сонда ғана біз ортақ күшпен мектебімізді дамыта аламыз, беделін көтере аламыз», – дейді педагог.
Степан Галкиннің айтуынша, бұл мәселе тек Гришенка ауылына ғана тән емес. Көршілес елді мекендерде де мектептердің жабылуы ауыл өміріне әсер етіп отыр. Кейбір ауыл балалары білім алу үшін басқа елді мекендерге қатынап, күн сайын 20-30 шақырым жол жүруге мәжбүр.
Осындай жағдайда туған жерінде қалып, ауыл мектебінің дамуына үлес қосып жүрген ұстаздардың еңбегі ерекше маңызға ие. Степан Галкин өз қызметі арқылы мұғалімнің міндеті тек сабақ берумен шектелмейтінін көрсетіп келеді. Ұстаз – шәкіртке білім беріп қана қоймай, оның қабілетін ашып, жаңа мүмкіндіктерге жол көрсететін тұлға.

Комментарии