Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тіл – ұлттың тірегі, татулықтың тұғыры

Дата: 15.09.2026 Рубрика: Фантазёры
6
0
Тіл – ұлттың тірегі, татулықтың тұғыры
Тіл – халықтың рухани қазынасы, ұлттың болмысын айқындайтын басты құндылық. Ана тілімізді құрметтеу, өзге тілдерді үйрену – білімімізді арттырып қана қоймай, дүниетанымымызды кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әсіресе бүгінгі заманда бірнеше тіл білу – үлкен артықшылық.
Осы бағытта Рудный қаласындағы Қалалық тілдерді оқыту орталығы маңызды жұмыс атқарып келеді. Мұнда тұрғындарға мемлекеттік тілмен қатар орыс, ағылшын және неміс тілдерін үйренуге мүмкіндік жасалған. Бүгінде орталықта мыңнан астам адам тіл меңгеріп жүр. Сабақтар тыңдаушылардың деңгейіне қарай ұйымдастырылып, алған білімді күнделікті өмірде қолдануға, еркін сөйлеп, өз ойын дұрыс жеткізуге бағытталған.
Орталықтың негізгі мақсаты – тұрғындардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және көптілді орта қалыптастыруға үлес қосу. Бұл ретте тіл үйренудің тек ереже мен сөз жаттаудан тұрмайтынына ерекше мән беріледі. Өйткені жаңа тіл арқылы адам басқа халықтың мәдениетімен, әдебиетімен, тарихымен танысады. Ал қазақ тілін үйрену – халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Орталық ұжымының жүйелі еңбегі биыл облыстық деңгейде де жоғары бағаланды. Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығы «Үздік тілдерді оқыту орталығы – 2026» облыстық байқауында жеңімпаз атанды. Бұл – мамандардың кәсіби ізденісі мен тіл үйрету ісіне деген жауапкершілігінің нәтижесі.
Тіл үйренуге бала кезден дағдыланғанның пайдасы мол. Бір жаңа сөз үйренудің өзі үлкен жетістік. Күн сайын бірнеше сөзді қайталап, сөйлем құрап, кітап оқып, фильм көріп, сол тілде сөйлесуге тырыссаң, біртіндеп еркін сөйлей бастайсың. Ең бастысы – қателесуден қорықпау және үйренуге деген ынтаны жоғалтпау.
Қазақ тілі – еліміздің мемлекеттік тілі әрі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы. Оны білу – әр азамат үшін үлкен құрмет. Ал ағылшын, орыс, неміс секілді өзге тілдерді меңгеру – білім көкжиегін кеңейтіп, әлеммен еркін байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Сондықтан әрқайсымыз қазақ тілін қадірлеп, өзге тілдерді үйренуге талпынайық. Өйткені тіл білетін адамның мүмкіндігі де, көкжиегі де кең.
Рудный қаласы

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!