Жыр әлеміндегі жас талапкер
Дата: 25.08.2026 Рубрика: Фантазёры
0
4
0

Қазақ поэзиясына деген сүйіспеншілігін біліммен ұштастырып, шығармашылық жолда биіктерді бағындырып келе жатқан жас дарынның бірі – Сағадат Өмірхан.
Аманкелді ауданы Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы әдебиетке деген қызығушылығы мен ізденімпаздығының арқасында облыстық деңгейдегі байқауларда жүлделі орындарға ие болып, мектебінің ғана емес, ауданның да абыройын асқақтатып жүр.
Ол бірнеше облыстық байқауларда топ жарып, шеберлігі мен ізденісін дәлелдеді. Атап айтқанда, «Қазақ поэзиясы – Құдагер» атты облыстық конкурста І орын иеленсе, облыстық Абай оқуларында «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар «Ұлы тұлғаға арнау» атты Ілияс Жансүгіровке арналған облыстық байқауда жүлделі ІІ орынды иеленіп, «Кітап – асыл қазына» облыстық байқауында да ІІ орыннан көрінді. Жас ақынның бұл жетістіктері – оның тынымсыз еңбегінің, кітапқа деген сүйіспеншілігінің және ұстаздарының берген бағыт-бағдарының нәтижесі.
Сағадат тек оқу үлгерімімен ғана емес, шығармашылық белсенділігімен де қатарластарына үлгі болып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Сағадат Өмірхан «Жыл үздігі» атанып, өз қатарындағы дарынды жастардың көшін бастады. Алдағы уақытта да жас талапкердің таланты шыңдалып, қазақ әдебиеті мен өнеріне қосар үлесі мол боларына сенім зор.
Сіз үйреткен ақиқаттың сәулесі
Тәтті тілім балауса жүрек жазды жыр,
Қалықтаған қара өлеңмен салдың сың.
Қара сөздің қаламына ілесің,
Абай ата сізге арнадым ғажап сыр.
Тармағына жасырылған бар әлем,
Сол әлемнен ала-сұрған ой көрем.
Қандай дана дара едің ұлы Абай,
Әр қазақтан білім бірлік іздеген.
Сөз өнерін кестелеген ұлылық,
Керектігін сезді өлеңге жылылық.
Сол өлеңнен бойға біткен жылу,
Сіз үйреткен дана халық тұр ұғып.
Жұртым үшін жұлдыз болып жана алсам,
Абай сөзі жүрегіме жағар шам.
Өлеңіңмен өрнектеген әр сөзің,
Бағым болып мәңгі жолда қаларсам.
Шын ғашықпын сөз құдірет өлеңге,
Жетелейді жүрегімді тереңге.
Сіз үйреткен ақиқаттың сәулесі,
Бойтұмар боп жарқырайды көгімде.

Комментарии