Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қазына іздеген балалар

Дата: 25.08.2026 Рубрика: Фантазёры
4
0
Қазына іздеген балалар
Қамысты ауданында мектеп жанындағы лагерьге келетін балалар үшін ерекше әрі қызықты «Қазына іздеу» атты танымдық-­шытырман оқиғалы квест ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың тапқырлығын, шапшаңдығын, топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту және көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
Жарыс мектеп аумағындағы ашық алаңда, таза ауада, көңілді әуеннің сүйемелдеуімен өтті. Балалар түрлі кезеңдерден құралған квест барысында өздерінің ептіліктерін, зеректіктерін және шапшаң әрекет ету қабілеттерін көрсетті. Олар арнайы дайындалған лабиринттен өтіп, жасырын тапсырмаларды орындап, жұмбақтарды шешіп, белгіленген бағыт бойынша алға жылжыды.
Квест барысында балалар тек тапсырмаларды орындап қана қоймай, би билеп, ойындарға белсене қатысып, бір-біріне қолдау көрсетті. Әр кезең олардан ұйымшылдықты, шығармашылық ойлауды және жылдам шешім қабылдауды талап етті.
Ұлдар мен қыздар барлық сынақтарға үлкен қызығушылықпен қатысып, өздерінің тапқырлығы мен белсенділігін танытты. Қойылған барлық тапсырмалар орындалып, кедергілер сәтті еңсерілді.
Іс-шара соңында барлық қатысушылар марапатталып, олардың белсенділігі мен ұйымшылдығы атап өтілді. Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған бұл квест есте қаларлық қызықты шаралардың біріне айналды. «Қазына іздеу» квестінде жеңілгендер болған жоқ. Себебі әр бала жаңа әсер алып, достық қарым-­қатынасын нығайтып, өз мүмкіндігін сынап көрді. Мұндай шаралар балалардың жазғы демалысын мазмұнды өткізуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және белсенді өмір салтын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!