Кәсіптік бағдар беру көрмесі өтті
Дата: 09.06.2026 Рубрика: Фантазёры
0
5
0

Қостанай қаласында мектеп түлектерінің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына қолдау көрсету және олардың білім беру траекториясын айқындауға бағытталған «Студенттік Арбат» кең ауқымды кәсіптік бағдар беру көрмесі ұйымдастырылды.
Ауқымды шараны Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мен «Synergy» ғылыми-білім беру орталығы қоғамдық қоры өткізді. Көрменің басты мақсаты – оқушыларды өңірдегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының мүмкіндіктерімен таныстырып, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат беру.
Күні бойы өткен іс-шараға Қостанай қаласы мен облыстың барлық аудан-қалаларынан келген 3 мыңнан астам 9-11 сынып оқушысы, олардың ата-аналары мен педагогтері қатысты. Қатысушылар кәсіптік бағдар беру тестілеулерінен өтіп, түрлі шеберлік сыныптарына қатысып, интерактивті алаңдардың жұмысымен танысты. Сонымен қатар колледждер мен білім беру ұйымдарының өкілдері оқушыларға оқу бағдарламалары, қабылдау шарттары, дуальді оқыту жүйесі және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді.
Көрме аясында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған арнайы таныстырылымдар ұйымдастырылып, өндіріс орындарының өкілдері мен әлеуметтік серіктестер жастармен ашық пікір алмасты. Бұл өз кезегінде оқушылардың мамандық таңдауға қатысты көкжиегін кеңейтіп, еңбек адамының қоғамдағы рөлі мен маңызын түсінуге мүмкіндік берді.
«Студенттік Арбат» жастар, білім беру ұйымдары және жұмыс берушілер арасындағы тиімді байланысты нығайтатын маңызды диалог алаңына айналды. Мұндай іс-шаралар өңір жастарының кәсіби бағдарын айқындауға, олардың қабілеті мен қызығушылығына сәйкес мамандық таңдауына ықпал етіп, болашақ білікті мамандарды даярлауға негіз қалайды.
Көрме қорытындысында қатысушылар өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша қажетті ақпарат алып, кәсіби бағыт-бағдарын нақтылауға мүмкіндік алды.
Суретті түсірген Олжас Ибрагимов

Комментарии