Кітап сырласың
Дата: 16.06.2026 Рубрика: Фантазёры
0
5
0

Өлеңді ауылдық кітапханасында «Кітаппен әлем мейірімді әрі жарқын» атты танымдық акция ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау және балалардың бос уақытын мазмұнды әрі тиімді өткізуге ықпал ету.
Шара барысында кітапханашылар балаларға кітаптың адам өміріндегі орны мен маңызы туралы қызықты әңгімелер айтып, әртүрлі жанрдағы жаңа және танымал әдебиеттерді таныстырды. Жас оқырмандар өздерінің сүйікті кітаптары мен кейіпкерлері туралы ой бөлісіп, оқыған шығармаларынан алған әсерлерін ортаға салды. Сонымен қатар кітап оқу мәдениеті, оның тұлғаның жан-жақты дамуына тигізетін әсері жөнінде пікір алмасты.
Іс-шара аясында түрлі танымдық ойындар, әдеби викториналар мен қызықты тапсырмалар ұйымдастырылып, балалар белсенділік танытты. Қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, тапқырлықтары мен білімдерін көрсетті. Белсенді оқырмандарға естелік сыйлықтар табысталды.
Акция балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, олардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, жаңа шығармаларды оқуға ынталандырды. Осындай мазмұнды шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына оң әсер етіп, кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Комментарии