Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Үздіктер марапатталды

Дата: 24.03.2026 Рубрика: Фантазёры
6
0
Үздіктер марапатталды
Арқалық қаласында оқушылар арасындағы «Сөз бен саз» республикалық шарасының облыстық кезеңі ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың ұлттық өнерге, сөз өнеріне, дәстүрлі музыкаға қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақты ұлттық рухқа, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ талантты оқушыларды қолдап, шығармашылыққа баулу.
Қостанай қаласының білім беру ұйымдарының оқушылары бұл сайысқа белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жарысқа қатысушылар өлең, күй, дәстүрлі ән сияқты бағыттар бойынша өнер көрсетті.
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды, «Жас ақын» номинациясында 8-13 жас аралығында Бас жүлде – Сәрсенғали Еділ алды. 14-18 жас аралығында 1 орын – Нағашыбай Инабат, 2 орын – Есергепов Санжар иеленді.
«Жас күйші» номинациясы:
Бас жүлде – Қабжалел Жанали (Музыкалық мектеп), 1 орын – Марат Санжар (Музыкалық мектеп)
1 орын – Қанапин Дархан (Музыкалық мектеп) «Дәстүрлі жас әнші» номинациясы: 1 орын – Елева Алия (Дружба ЖББМ)
Бұл шара жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін шыңдап қана қоймай, ұлттық мәдениет пен дәстүрге деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосады. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылардың еңбегі ерекше бағаланып, олардың өнер жолында одан әрі табысқа жетуіне сенім артылды.
Мұндай шығармашылық кездесулер жастардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын оятып, олардың рухани дамуына, ой-өрісінің кеңеюіне және мәдени мұраға деген құрмет сезімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!