«Қыз тәрбиесі – ұлттың ұлағаты»
Дата: 21.04.2026 Рубрика: Фантазёры
0
6
0

Рудный қаласындағы келешек мектебінде ардақты әжелермен өткен тағылымды кездесу – жүрекке жылу сыйлаған ерекше басқосу болды. Бұл жиынға саналы ғұмырын білім мен тәрбиеге арнаған еңбек ардагерлері, білім беру ісінің үздіктері қатысты.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық тәрбиенің маңызын ұғындырып, қыз баланың қоғамдағы орны мен рөлін айқындау болды.
Тәрбиелікке бастар жолдың бәрі отбасының табалдырығынан басталатыны ерекше атап өтілді. Ақ жаулықты әжелеріміз – Рысбике Қасымқызы, Рашила Каленқызы, Күләш Әбілқызы, Шәмшия Ғазезқызы өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, бүгінгі қыз тәрбиесінде ең маңызды құндылықтарға тоқталды. Олар қыз баланың бойында ибалық, қарапайымдылық, өзін-өзі құрметтеу, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу секілді қасиеттердің қалыптасуы – ұлт болашағының берік іргетасы екенін ерекше атап өтті.
Кездесу барысында әжелеріміз қыздарға бағыт-бағдар беріп, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап берді. Ашық әрі еркін форматта өткен сұхбатта қатысушылар өз ойларын ортаға салып, тәрбиенің түрлі қырларын талқылады. Әрбір айтылған сөз – өнеге, әрбір берілген кеңес – өмірлік сабаққа айналды.
«Қыз – ұлттың болашағы» екенін терең сезіндірген бұл басқосу жылы әрі шынайы атмосферада, дөңгелек үстел форматында өтті. Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде маңызды рөл атқарады.
Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, оларды саналы, парасатты, елжанды тұлға болып қалыптасуына жол ашады.
Рудный қаласы

Комментарии