Жас өреннің жарқын жетістігі
Дата: 03.02.2026 Рубрика: Фантазёры
0
9
0

Мағжан Марат – жан-жақты қабілетті, талапты әрі белсенді оқушы. Ол спортпен тұрақты түрде айналысып қана қоймай, өнер саласында да өз қабілетін көрсетіп жүр.
Қамысты ауданы, Қарабатыр ауылында тұратын Мағжан сабақ үлгерімімен де ерекшеленеді, алғырлығы мен ізденімпаздығы қатар жүрген оқушылардың бірі. Болашағынан зор үміт күттіретін жас өренді ұстаздары да үнемі қолдап, жетістіктеріне жігер беріп, шабыттандырып отырады.
Бала мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қамысты ауданының әкімі «Экологиялық материалдардан жасалған қар адамдар» атты аудандық жаңа жылдық байқау жариялаған болатын. Аталған шығармашылық байқауға Қарабатыр жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Мағжан Марат белсене қатысып, өз шеберлігін паш етті.
Байқаудың басты талаптарының бірі аққаланың биіктігі кемінде бір жарым метр болып, мықты әрі эстетикалық тұрғыдан әсем жасалуы еді. Спортпен айналысатын Мағжан бұл тапсырманы орындау барысында өзінің еңбекқорлығын, қиялының ұшқырлығын көрсете білді. Жасалған аққала мазмұны мен көркемдік шешімі жағынан ерекшеленіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Нәтижесінде, Мағжан Марат аталмыш аудандық байқауда жүлделі III орынды иеленді. Бұл жетістік оның тек спортта ғана емес, шығармашылық бағытта да әлеуеті жоғары екенін айқын аңғартады.
Айта кетерлігі, байқауға бір ғана мектептен бірнеше аққала ұсынылып, бұл шара балалар мен ата-аналардың бірлескен еңбегін, ұйымшылдығы мен ортақ іске деген жауапкершілігін айқын көрсетті. Осындай тағылымды байқаулар жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытып, отбасылық құндылықтарды нығайтуға зор үлес қосары сөзсіз.
Қамысты ауданы

Комментарии