Сакралды Қазақстан – облыстың қасиетті жерлері
Дата: 03.02.2026 Рубрика: Фантазёры
0
8
0

«Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері №15 жалпы білім беретін мектептің 5 «Ә» сынып оқушыларына арналған «Сакралды Қазақстан – облыстың қасиетті жерлері» атты виртуалды саяхат өткізді.
Іс-шараның басында кітапханашы оқушыларға Қостанай облысының киелі жерлері туралы мағлұмат беріп, ерекше құрметке ие табиғи мұра ескерткіштерін, тарихи тұлғалармен байланысты киелі орындарды атап өтті. Бұл бөлім оқушылардың өз өлкесіне деген қызығушылығын арттырып, тарихи және мәдени құндылықтарды түсінуіне септігін тигізді.
Содан кейін «Қостанай облысының киелі жерлері» бейнеролигі көрсетіліп, балалар қызыға тамашалады. Оқушылар «Қасиетті жерді таны» атты викторина сұрақтарына белсенді жауап беріп, алған білімдерін іс жүзінде қолдану мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шара соңында «Киелі жерлер» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқушыларға ұсынылған әдебиеттер мен материалдарды таныстырды. Бұл виртуалды саяхат балаларға киелі орындар туралы жан-жақты ақпарат беріп қана қоймай, рухани тәрбие мен патриоттық сезімді қалыптастыруға үлес қосты.
Мөлдір Бажирова, «Станционный»
кітапхана-филиалының кітапханашысы

Комментарии