Өнердің бастауы – әже тәрбиесі
Дата: 02.12.2025 Рубрика: Фантазёры
0
25
0

Рудныйлық ісмер Гүлнұр Ералиева әже тәрбиесінің қадірін біліп, оны өмірлік ұстанымына айналдырып жүрген жан. Ол кішкентайынан әжесі Патшагүлдің қасында жүріп, қолөнердің қыр-сырын үйренді.
Гүлнұр Ералиева – әже мейірімін көрген, сол тәрбиені өмірлік бағдар етіп, бүгінгі ұрпаққа жеткізіп жүрген ісмер ана. Оның балалық шағы әжесі Патшагүлдің жанында өтті. Қолы алтын әжесі бау тоқып, басқұр өріп, кілем кестелеп, ою ойған жан еді. Әженің қасында жүріп өскен Гүлнұр әр бұйымның қалай жасалатынын көріп, өнердің мәнін, оның артында жатқан сабыр мен шыдамдылықты түсініп өсті.
Сол кезден бастап ол үшін қолөнер – тек әдемі дүние емес, отбасының жылуы, тәрбие мен салттың жалғасы болды. Бүгінде Гүлнұр апай осы әже тәрбиесін жалғап, ұлттық киімдер, құрақ көрпелер, кестелі бұйымдар тігетін танымал шеберге айналды. Оның әр туындысында әжесінен қалған мейірімнің табы, өткеннің ізі бардай сезіледі.
Отбасының қолдауы – ең үлкен күш
Гүлнұр апайдың кәсібі жайдан-жай өркендеген жоқ. Бұл – отбасының бірлігі мен бірігіп жасаған еңбегінің жемісі. Жолдасы мен балалары анасының арманы орындалсын деп әрдайым қолдап, жұмысына жағдай жасап отырды.
– Отбасы – тірегім. Егер жақындарым сенбесе, қолдамаса, бүгінгі жетістігіме жетпес едім, – дейді Гүлнұр апай.
Отбасының жылы сөзі, сенімі адамға қанат бітіреді. Бұл – балаларға да үлгі болар басты құндылық.
Ұрпаққа үлгі болған өнер
Гүлнұр апайдың тағы бір арманы – небір керемет ұлттық өнерді балаларға үйрету. Ол мектептерде, үйірмелерде шеберлік сабақтарын өткізіп, оқушыларға құрақ құрауды, ине-жіп ұстауды, ою қиюды үйретеді. Оның қолынан шыққан дүниелерді Рудныйқаласындағы көп оқушылар мектепке киіп жүр.
Балалар оның сабағына ерекше қызығушылықпен қатысады. Өйткені әр бұйымды жасағанда Гүлнұр апай:
– Бұны мен әжемнен үйрендім. Ал сендер де болашақта өз балаларыңа үйретесіңдер, – деп, өнердің ұрпақ жалғастығын түсіндіреді.
Гүлнұр апай үшін ата-баба өнерін жаңғырту – бір жағынан кәсібі болса, екінші жағынан әжесіне деген құрмет. Ол заманауи үлгіде ұлттық киімдер тігіп, жаңаша стиль қалыптастырды. Бірақ оның жүрегінде бір өзгермейтін нәрсе бар: әже мен атаның айтқан ақылы – өмірлік қазына, отбасының қолдауы – кез келген арманыңа жетелейтін күш. Ұлттың өнері мен салтын сақтау – әр баланың парызы. Үйренген өнер ешқашан жүк болмайды, керісінше өмірді көркем етеді.
Гүлнұр апай – әженің тәрбиесін көріп өскен, соны жалғап келе жатқан жан. Оның өмірі бізге отбасы құндылығының қадірін, үлкеннің сөзін тыңдаудың мәнін, ұлттық өнердің маңызын көрсетеді.
Балалар, сендер де отбастарыңдағы жақсы әдеттерді сақтап, үлкендердің үйреткенін қадірлей біліңдер. Өйткені әрбір әже айтқан сөз – жүректегі шырақ, әрбір үйреткен өнер – болашаққа қалатын мұра.
Рудный қаласы

Комментарии